Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тапшы өңірлерге үздік педагогтарды тарту ережелері өзгерді

Тапшы өңірлерге үздік педагогтарды тарту ережелері өзгерді

2026 жылғы 30 шілдедегі Үкімет қаулысымен мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге қолдау шараларының тиісті пакетімен үздік педагогтерді тарту қағидаларына (Арнайы бағдарлама) өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша, конкурсты өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен конкурстық комиссия құрылатыны нақтыланды. Комиссия алқалы орган болып табылады, оның құрамына "НЗМ" ДББҰ, "Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" РМК, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ, сондай-ақ білім беру саласындағы азаматтық қоғам өкілдері кіреді.
Комиссия төрағасы оның мүшелері арасынан сайланады. Комиссия құрамы кемінде 11 адамнан тұрады.
Комиссия қызметінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда оның құрамы қайта қаралады.
Мүдделер қақтығысы деп комиссия құрамына кіретін адамдардың жеке мүдделері мен олардың қызметтік міндеттері арасындағы қайшылық түсініледі. Мұндай жағдайда аталған адамдардың жеке мүдделері өз міндеттерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін.
Мүдделер қақтығысы туындаған немесе оның туындау мүмкіндігі белгілі болған комиссия мүшелері бұл туралы жазбаша түрде комиссия төрағасына дереу хабарлауға міндетті.
Комиссия бұл мәселе бойынша жазбаша өтініш негізінде шешім қабылдайды, ол хаттамамен рәсімделеді.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы бұйрық шығарады.
Сондай-ақ комиссия кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне үміткердің сыбайлас жемқорлық қылмысын немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғын анықтау үшін сұрау жібереді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне педагогикалық әдеп нормаларын бұзу деректерінің бар-жоғы туралы сұрау жолданады.
Егер сыбайлас жемқорлық қылмысын немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны, не қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмысқа қабылдауға тыйым салатын педагогикалық әдеп нормаларын бұзғаны туралы мәліметтер анықталса, педагог конкурстың кез келген кезеңінде одан шеттетіледі.
Сондай-ақ конкурстың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша конкурстық комиссия бекіткен тізімге сәйкес комиссия үміткерлерді нысаналы өңірлердегі орта білім беру ұйымдарына бос лауазымдарға қабылдау үшін жібереді.
Өңірлердің үйлестіру штабы (ҮШ) білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау кезінде қолда бар қажеттілікті ескере отырып, педагогтерді командалық қағидатпен, яғни бір білім беру ұйымына 2–3 және одан да көп педагогтен жібереді. ҮШ педагогтердің көшуін, орналастырылуын, еңбекақысын төлеуді және ынталандырушы қолдау шаралары пакетімен қамтамасыз етілуін үйлестіреді. Бұл пакетке мыналар кіреді:
  • республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен лауазымдық жалақының 150%-ы мөлшерінде ынталандырушы үстемақы;
  • тартылған педагогтерді білім беру ұйымдары басшылары мен басшы орынбасарларының кадрлық резервіне енгізу және оларды оқытуды ұйымдастыру;
  • екі жылда бір рет "Жылдың үздік жас мұғалімі" конкурсын өткізу (жүлде қоры ретінде Қазақстанның жетекші білім беру ұйымдарында 3 айлық тағылымдамадан өту, сондай-ақ орта білім беру мәселелері бойынша халықаралық конференцияларға жолдама беру қарастырылған).
Құжатта мұғалімдерге тиімді әдістемелік қолдау көрсету мақсатында "НЗМ" ДББҰ нысаналы өңірлердегі педагогтердің кәсіби қажеттіліктеріне диагностика және зерттеу жүргізетіні көрсетілген.
Диагностика мен зерттеу аясында педагогтердің кәсіби қажеттіліктерін анықтау үшін мұғалімдер мен мектеп басшылары арасында сауалнама жүргізіледі, мұғалімдердің ЦТ-құзыреттілік деңгейі айқындалады, сондай-ақ 1–11-сыныптардағы сабақтарға бақылау жүргізіліп, кері байланыс беріледі.
Нысаналы өңірлерде орта білім беру жүйесіне цифрлық технологияларды тиімді енгізу мақсатында білім беру ұйымдары педагогтерінің ЦТ-құзыреттілік деңгейі бағаланып, оны жетілдіруге қатысты ұсынымдар әзірленеді.
Қаулының жекелеген тармақтарын қоспағанда, ол 2026 жылғы 15 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
05 тамыз 2026 ж. 72 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31