Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдің 4 өңіріне үздік мұғалімдерді тарту бойынша арнайы бағдарлама басталды

Елдің 4 өңіріне үздік мұғалімдерді тарту бойынша арнайы бағдарлама басталды

Мұғалімдерге жоғары жалақы төленіп, пәтер жалдау ақысы мен коммуналдық шығындар өтеледі. Қазақстанда мұғалім тапшылығы бар және білім сапасы нашар өңірлерге үздік педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарлама басталды. Қазір байқауға қатысу үшін құжат қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Дәлірек айтқанда, Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарында мұғалім тапшы. Бұл өңірлерге математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімдері қажет. Сондай-ақ осы облыстарда білім сапасы да көңіл көншітпейді. Оған 2018 жылғы халықаралық PISA зерттеуі мен ҰБТ нәтижелері дәлел. Осыған байланысты оқу-ағарту министрлігі арнайы бағдарлама әзірледі.
"Мұғалімдер конкурс арқылы іріктеледі. Конкурсқа тиiстi бейiндер бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсiптiк бiлiмi бар, "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-магистр" бiлiктiлiк санаттары бар мұғалімдер, сондай-ақ педагогикалық жоғары оқу орнын бітірген оқу үлгерiмi жақсы түлектер де қатыса алады. Басқа өңірлердің мұғалімдеріне қатысуға болады", - деп түсіндірді Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
Қажетті құжаттардың тізімі жергілікті атқарушы органдардың және НЗМ ақпарат ресурстарында орналастырылған. Құжаттар 2022 жылғы 26 маусымға дейін қабылданады.
Жалақы
Үздік педагогтерді тартуға арналған арнайы бағдарлама аясында мұғалімдерге қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, лауазымдық жалақының 250% мөлшерінде ынталандыру төлемдері бар, оның ішінде жоғары жалақы, үй жалдау ақысын және коммуналдық төлемдер шығынын өтеу қарастырылған.
Бұған дейін оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мұғалім тапшы өңірлерге барған ұстаздарға 650 мың теңге жалақы төленетінін мәлімдеген еді.
21 маусым 2022 ж. 634 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 96

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930