Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметтер үшін ұялы телефонды цифрлық Үкіметке қосу ережесі жаңартылды

Мемлекеттік қызметтер үшін ұялы телефонды цифрлық Үкіметке қосу ережесі жаңартылды

Телефон, телефон в руках, мобильный телефон, сотовый телефон, смартфон, мобильный интернет, мобильная связь, мобильный оператор, мобильные операторы, социальные сети, соцсети, соцсеть, социальная сеть, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 16:03Фото: pexels
Премьер-Министр орынбасарының – ЖИ және цифрлық даму министрінің бұйрығымен ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірді электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді алу үшін цифрлық үкімет веб-порталының есептік жазбасына тіркеу және қосу қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген абоненттік нөмірді "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы есептік жазбаға тіркеу және қосу үшін көрсетілетін қызметті алушы "цифрлық үкіметтің" веб-порталында мынадай әрекеттерді жүзеге асырады:
  • авторландырудан өтеді;
  • жеке сәйкестендіру нөмірін енгізеді;
  • бір реттік пароль жіберілетін абоненттік нөмірді енгізеді;
  • бір реттік парольді енгізеді және сұрау салуды ЭЦҚ арқылы растайды.
Көрсетілетін қызметті беруші сұрау салуды автоматты түрде өңдеуді жүзеге асырады, одан кейін абоненттік нөмірді "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы есептік жазбаға тіркейді және қосады. Нәтижесінде тіркелген абоненттік нөмір туралы мәліметтер "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы жеке кабинетте көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 10 минут.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген абоненттік нөмірді "цифрлық үкіметтің" мобильді қосымшасындағы есептік жазбаға тіркеу және қосу үшін көрсетілетін қызметті алушы "цифрлық үкіметтің" мобильді қосымшасында мынадай әрекеттерді жүзеге асырады:
  • "цифрлық үкіметтің" мобильді қосымшасында ЭЦҚ-ның қолда бар немесе жаңа тіркеу куәліктерін шығару арқылы авторландыру тәсілін таңдайды;
  • бір реттік пароль жіберілетін абоненттік нөмірді енгізеді;
  • бір реттік парольді енгізеді;
  • биометриялық аутентификациядан өтеді.
Көрсетілетін қызметті беруші сұрау салуды автоматты түрде өңдеуді жүзеге асырады одан кейін абоненттік нөмірді "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы есептік жазбаға тіркеуді және қосуды жүзеге асырады. Нәтижесінде тіркелген абоненттік нөмір туралы мәліметтер "цифрлық үкіметтің" веб-порталының жеке кабинетінде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы "цифрлық үкіметтің" веб-порталы қалыптастырып, абоненттік нөмірге жіберген бір реттік парольді қате енгізген және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы биометриялық аутентификациядан өтпеген кезде, көрсетілетін қызметті алушы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де қызметтерді алу үшін ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірді "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы есептік жазбаға тіркеуді және қосуды жүзеге асыра алмайды.
"Цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы жеке кабинеттегі пайдаланушының есептік жазбасына тіркелген және қосылған абоненттік нөмірді өзгерту, жаңа абоненттік нөмірді және "цифрлық үкіметтің" веб-порталы қалыптастырып, көрсетілген абоненттік нөмірге жіберген бір реттік парольді енгізу, сондай-ақ оны кейіннен ЭЦҚ-мен растау жолымен жүзеге асырылады.
Бұйрық 2026 жылғы 15 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
05 тамыз 2026 ж. 65 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31