Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда электрондық сауда алаңдарына жаңа талаптар енгізіліп жатыр

Қазақстанда электрондық сауда алаңдарына жаңа талаптар енгізіліп жатыр

Фото: pexels
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2026 жылғы 4 тамызда өткен Үкімет отырысында қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің айтуынша, отандық өнімдердің танымалдығын арттыру мақсатында "Қазақстанда жасалған" белгісі бар тауарлар сауда залындағы тұтынушылар жиі баратын орындарға қойылады.
"Жаңадан жұмысын бастаған өндірушілер үшін стартаптарға арналған сөрелер мен "жасыл сөрелер" қарастырылған. Осындай талаптар отандық электрондық сауда алаңдарына да енгізіліп жатыр", – деді Арман Шаққалиев.
Сауда және интеграция министрінің сөзінше, бұл шаралар отандық өндірушілердің сауда инфрақұрылымына тең қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
"Заң бойынша сауда желілерінің отандық өндірушілермен тауар жеткізу шартын жасасудан негізсіз бас тартуына тыйым салынған", – деп еске салды Арман Шаққалиев.
Бұған дейін Қазақстаннан экспортталатын шикізаттық емес тауарлар көлемінің артқаны хабарланған еді.
04 тамыз 2026 ж. 159 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930