Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ірі сауда орталықтары мен базарлардың қызметі цифрландыру арқылы бақылауға алынады

Ірі сауда орталықтары мен базарлардың қызметі цифрландыру арқылы бақылауға алынады

Еліміздегі ірі сауда орталықтары мен базарлардың қызметін цифрландыру арқылы бақылауға алынады. Ол үшін арнайы ақпараттық жүйе құрылмақ. Бұл туралы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.
«Біздің министрлік сауда саласындағы заңнамалық реформалар бойынша айтарлықтай жұмыс атқарды. Сауда нарығы мен ірі сауда объектілеріне арналған нақты ережелер белгіленді. Сонымен қатар алғаш рет отандық тауар өндірушілерді импорттық өнімнің демпингінен қорғау тетігі енгізілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын белгілеуде сауда қызметін реттеу туралы заңнаманың сақталуы мен мемлекеттік бақылаудың бірыңғай тетігін жүргізудің нақты алгоритмі әзірленді. Одан бөлек, ірі сауда объектілері мен базарлар (2000 шаршы метрден асатын) қызметін цифрландыру арқылы ақпараттық жүйе құру қарастырылуда», - деді Арман Шаққалиев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, аталған өзгерістер сауда нарығы қызметінің ашықтығын қамтуға және шағын бизнесті базар иелері тарапынан негізсіз көрсетілетін қысымнан қорғауға бағытталған.
«Сауда саласын реттейтін 52 акті қайта қаралды. Оның барысында белгіленген базалық сауда шарттарына сәйкес келмейтін 543 талап анықталды. Бұл жалпы реттеуші актінің 31% құрады. Сондай-ақ, барлық нормативтік актілер кәсіпкерлік кодекстің жаңа талаптарына сәйкес келтірілді», - дейді ол.
Бұған дейін бірінші сауда вице-министрі арзан азық-түлікті қайдан алуға болатынына қатысты пікір білдірген еді.
Сондай-ақ, брифинг барысында жыл басынан бері елімізде азық-түлік бағасы 3,5%-ға өскені айтылды.
03 мамыр 2023 ж. 140 0

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 24

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 42

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031