Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сарапшылар 2026 жылы смартфон сатып алудан бас тартуға шақырды

Сарапшылар 2026 жылы смартфон сатып алудан бас тартуға шақырды

Фото: depositphotos.com
Сатып алушыларға 2026 жылы жаңа смартфон сатып алуға асықпаған жөн. Жаңа модельдердегі мардымсыз өзгерістер мен бөлшектер құнының өсуіне назар аударған Android Authority басылымының сарапшылары осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Неге жаңа смартфондар көңілден шықпай жатыр?
Android Authority авторларының пікірінше, жад тапшылығы мен компоненттердің қымбаттауы өндірушілерді құрылғылар шығынын барынша үнемдеуге мәжбүр етіп жатыр. Соның салдарынан кейбір жаңа модельдер алдыңғы нұсқаларынан іс жүзінде ерекшеленбейді.
Журналистер мысал ретінде Google Pixel 10a смартфонын келтіреді. Олардың бағалауынша, смартфон өткен жылғы Pixel 9a-ға қатты ұқсайды және тек шағын ғана өзгерістерге ие болған.
Авторлар Motorola Razr 2026 моделін де айтарлықтай жаңарту деп есептемейді. Сонымен қатар жаңа модельдің базалық нұсқасы тіпті аз ішкі жадқа ие болған.
Осы жағдайларды ескере отырып, сарапшылар салыстырмалы түрде жаңа құрылғы иелеріне 2026 жылы телефондарын ауыстыруға асықпауға кеңес береді.
Смартфонды жыл сайын ауыстыру қажет пе?
Android Authority авторлары тағы бір факторға назар аударады: қазіргі смартфондар айтарлықтай ұзақ бағдарламалық қолдауға ие. Көптеген жаңа модель алты-жеті жыл бойы операциялық жүйе мен қауіпсіздік жаңартуларын ала алады. Сондықтан құрылғыны әр бір-екі жыл сайын ауыстыру қажеттілігі азайып келеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін жад чиптерінің тапшылығынан кейін қытайлық смартфон өндірушілері жаңа мәселеге тап болып, дисплейлер құнының күрт өскені хабарланған болатын. Сарапшылардың пікірінше, бұл жаңа телефондар бағасының кезекті рет қымбаттауына әкелуі мүмкін.
04 тамыз 2026 ж. 34 0

Уақытпен үндескен өнер

04 тамыз 2026 ж. 33

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31