Аптап басылады: Астана мен Алматыда жаңбыр жауады
"Қазгидромет" синоптиктері 4, 5 және 6 тамызға арналған Алматы мен Астана қалаларының ауа райы болжамы ұсынылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанадағы ауа райы
4 тамызда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +28...+30 градус жылы болады.
5 тамызда көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +24...+26 градус жылы болады.
6 тамызда көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +26...+28 градус жылы болады.
Алматыдағы ауа райы
4 тамызда көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел батыстан соғады, жылдамдығы секундына 3-8 метр, кей уақытта екпіні 17 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +25...+27 градус жылы болады.
5 тамызда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстік-батыстан соғады, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +27...+29 градус жылы болады.
6 тамызда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +29...+31 градус жылы болады.
Қазақстанға көптен күткен салқындық келе жатыр
Бұған дейін синоптиктер таяу күндері Қазақстан аумағы арқылы циклон жылжып, өзімен бірге күн күркіреп, жаңбыр әкелетінін, ал солтүстік пен орталық аймақтарда нөсер жауатынын хабарлаған болатын. Жауын-шашынмен бірге Қазақстанға салқын ауа массалары келеді. Толық болжамды осы жерден оқыңыз.









