Қазақстандағы ең танымал және ең сирек есімдер топтамасы
Фото: pexelsҚазақстандықтардың кейінгі бір жылда жаңа туған сәбилерге қандай есімдерді жиі қойғаны белгілі болды. Сондай-ақ осы кезеңде бір ғана балаға қойылған бірегей есімдер де анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда ұл балаларға ең жиі қойылған есімдер:
- Алан
- Әлихан
- Мұхаммед
- Алдияр
- Айсұлтан
- Хамза
- Омар
- Альтаир
- Әмір
- Мұхаммад
Кейінгі 12 айда қыз балаларға ең жиі қойылған есімдер:
- Айлин
- Асылым
- Медина
- Томирис
- Айша
- Аяла
- Сафия
- Мариям
- Айым
- Адия
Ал осы кезеңде бір ғана қыз балаға қойылған сирек есімдер:
- Арианұр
- Жұлдыз-Ай
- Танзилия
- Ходжар
- Николин
- Еустиния
- Имануэлла
- Сиора
- Айсалқам
- Сунита
Ұл балаларға қойылған ең сирек есімдер:
- Полат
- Элион
- Теоман-Ахмет
- Серхан
- Мұхаммеджар
- Нұралим
- Ақ-Назар
- Әл-Мұқаддим
- Юнис
- Қосжан
- Айта кетейік, 2026 жылғы 1 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстан халқының саны 20 575 979 адамға жетті. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2026 жылдың басында елімізде 0-17 жас аралығындағы 6,9 млн бала тұрған. Бұл республика халқының жалпы санының 33,6%-ын құрайды.













