Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда балаларға қандай есімдер жиі қойылып жатыр?

Қазақстанда балаларға қандай есімдер жиі қойылып жатыр?

Ер балаға жиі қойылған есімдердің үштігіне Әлихан, Айсұлтан, Нұрислам, ал қыздар арасында Медина, Асылым, Раяна енді.
 Әділет министрлігінің АХАТ бөлімі 2019-2020 жылдары Қазақстанда ең көп қойылған есімдердің тізімін жариялады.
2019 жылы 4 268 балаға Әлихан есімі берілді. 3 270 балаға Айсұлтан, 2 528 балаға Нұрислам есімі қойылды. Бұл есімдер 2020 жылы да көш бастап тұр. Жыл басынан бері 1 204 Әлихан, 841 Айсұлтан және 765 Нұрислам дүниеге келді, - делінген хабарламада.
Ал қыздардың есімінде өзгерістер бар. 2019 жылы бірінші орында Райана (Раяна) есімі тұрды. 5 601 ата-ана қызына Раяна есімін берді. Екінші орында Медина (5 320 қыз), үшінші орында Айзере (4 510 қыз) есімі тұрды.
2020 жылы Медина есімі көш бастады. Екінші орында Асылым (Асыл) тұр. 1 183 жаңа туған нәрестеге осы есім берілді. Өткен жылдың көшбасшысы болған Раяна есімі бұл жылы да үштікке кірді. Жыл басталғалы 1 172 нәрестеге Раяна есімі берілді,- дейді АХАТ.

2020 жылы ер балаға жиі қойылған есімдер

1.    Әлихан
2.    Айсұлтан
3.    Нұрислам
4.    Әмір
5.    Алдияр
6.    Әли
7.    Әрсен
8.    Омар
9.    Санжар
10.  Ерасыл
11.  Ислам
12.  Ибрахим
13.  Расұл
14.  Мансұр

2020 жылы қыз балаға жиі қойылған есімдер

1.    Медина
2.    Асыл
3.    Раяна
4.    Айлин
5.    Айзере
6.    Айша
7.    Айым
8.    Аяла
9.    Томирис
10.  Айару
11.  Кәусар
12.  Сафия
13.  Айкөркем
14.  Адина
30 сәуір 2020 ж. 6 470 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 135

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 137

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 142

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 125

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 122

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 138

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031