Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жаңа Президенттік кітапхана мен драма театры салынып жатыр

Қызылордада жаңа Президенттік кітапхана мен драма театры салынып жатыр

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Президент саябағы аумағында салынып жатқан еліміздегі үшінші Президенттік кітапхана мен драма театр құрылысын көріп шықты.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Қызылорда қаласында тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана мен жаңа драма театр салуды тапсырған болатын. Осы тапсырмаға сәйкес сәуір айында екі нысанның іргетасы қаланды.
Кітапхана құрылысына инвестор қаражаты есебінен 20 млрд теңге бөлінген. Жалпы аумағы 13 мың шаршы метр ғимаратта электронды оқу, конференция залдары, архив, баспахана, бағдарламалау және жасанды интеллектіні дамыту медиазертханасы, подкаст студиясы, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдері болады. Мұнда бір миллионнан астам кітап қорын сақтауға мүмкіндік бар. Жаңа нысан өңірдегі кітапхана инфрақұрылымын дамытып, ақпараттық-мәдени ортаны нығайтады.
Ал жаңа драма театрдың жалпы аумағы 4 мың шаршы метрден асады, 520 көрерменге арналған. Онда репетициялық залдар, студия және шығармашылық кеңістіктер, әкімшілік кабинеттер орналасады. Сондай-ақ, заманауи сахналық техника, қуатты дыбыс жүйесі және соңғы үлгідегі жабдықтар түрлі жанрдағы қойылымдарды жоғары деңгейде сахналауға мүмкіндік береді.
Екі нысанның құрылыс барысымен танысқан Премьер-министрдің бірінші орынбасары жауапты сала басшыларына ғимараттардың сапалы әрі заманауи үлгіге сай болуын жіті қадағалауды тапсырды.
Сырдария өзені жағалауындағы қорғаныс бөгетінің құрылысы да қарқын алған. Ұзындығы 3 шақырым аумақтың екі шақырымына геобекіткіш тор төселіп, таспен толтырылады. Қалған бөлігінде еңісті қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жағалауды шайылудан қорғайтын арнайы тірек құрылымдары орнатылуда. Тұрғындарға қауіпсіз әрі қолайлы болу үшін жаяу жүргіншілер жолы мен веложолақ салынады. Бүгінде жұмыстың 50 пайызы аяқталған.
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бұдан кейін Нұрлыбек Машбекұлына алдағы уақытта өңірде жүзеге асатын жаңа инвестициялық жобалар таныстырылды. Олар — сол жағалауда салынатын тұрғын үй кешені, желдету және ауа баптау қондырғыларын құрастыру, санитарлық-техникалық бұйымдар құрастыру және өндіру жобалары, томат пастасы мен көкөніс пюресі өндірісі, сұйытылған табиғи газ өндіру, екі қорғасын-мырыш тау-кен байыту зауыты, көпфункционалды сауда-ойын-сауық кешені.
02 тамыз 2026 ж. 33 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31