Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Күн ыси түседі»: Еліміз бойынша 1 тамызға арналған ауа райы болжамы

«Күн ыси түседі»: Еліміз бойынша 1 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қалған өңірлерде қатты жауын-шашын бола қоймайды.
Фото: unsplashФото: unsplash

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 1 тамызда, сенбіде Қазақстанның бірнеше өңірінде құбылмалы ауа райы болатынын болжайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде қатты жауын-шашын болып, бұршақ түседі деп күтіледі.
Қалған өңірлерде қатты жауын-шашын бола қоймайды. Республикамыз бойынша белең алатын табиғи құбылысқа желдің екпін алуы жатқызылады, ал оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін.
Сонымен қатар бірқатар облыстарда аномальды ыстық сақталады:
  • +41°C: Қарағанды облысының оңтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау мен Абай облыстарында;
  • +35...+39°C: Атырау, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарында.
Ақмола мен Қостанай облыстарының кейбір аудандарында да күн ысып, аптап болады.
  • Бұдан бөлек, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында ауа температурасы +38...+40°C-қа дейін,
  • ал Қызылорда мен Түркістан облыстарында сынап бағаны қайтадан +40...+44°C-қа дейін көтеріледі.
Аптап ыстыққа байланысты бірқатар өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

01 тамыз 2026 ж. 45 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31