"Нөсер жаңбыр, дауыл, аптап ыстық". Еліміз бойынша 8 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Сурет: pixabayҚазақстан аумағы бойынша алдағы сәрсенбі, 2026 жылғы 8 шілдеге арналған ауа райының синоптикалық жағдайы мен қауіпті құбылыстарының болжамы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оған сәйкес, еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталады:
күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Ақтөбе облысының шығысында, орталығында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық,
Жамбыл, Маңғыстау облыстарында 38-41 градус қатты ыстық,
Түркістан, Қызылорда облыстарында 40-41 градус қатты ыстық,
күндіз Атырау, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық болады деп күтіледі.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, еліміздің батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады, батыста, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұршақ түсуі ықтимал. Республика бойынша белең алатын табиғи құбылысқа желдің екпін алуы жатады, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста дауыл тұрып, түнде және таңертең республикамыздың солтүстігінде тұман болады деп күтіледі".
"Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Сонымен қатар еліміздің бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі:
жоғары өрт қаупі - Түркістан облысында, Атырау облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде.
төтенше өрт қаупі - Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, орталығында.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша 2026 жылғы 8–10 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.












