Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда баспананы жалға беру бағасы қай өңірде қымбат

Қазақстанда баспананы жалға беру бағасы қай өңірде қымбат

Фото: istockphoto
Елімізде баспананы жалға беру бағасы қайта өсе бастады. Өйткені жаңа оқу жылының басталуына аз қалды, деп хабарлайды turkystan.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Сәйкесінше, сұраныс көбейген. Соңғы бір айда Қазақстан бойынша тұрғын үйді жалдау құны пәтердің шаршы метріне 3,1 пайызға көтерілген. Бұл ретте ең жоғарғы өсім (6,9 пайыз) Астанада тіркеліп отыр. Екінші орында Қонаев қаласы, кейін Талдықорған мен Қостанай тұр. Ал бұған дейін әрдайым көш басын бермеген Алматыда жалдау құны 3,4 процентке ғана көтеріліпті.
Баға тек Түркістан мен Таразда өзгермеген көрінеді. Ал төмендеу дерегі бірде бір қалада тіркелмеген. Дегенмен Алматы тұрғын үйді жалға алу бойынша елдегі ең қымбат қала саналады. Өйткені мегаполистегі пәтерлердің шаршы метрі 5814 теңгеден бағаланып отыр. Ал Астанада бұл көрсеткіш 400 теңгеге төмен.
Өзгеріс пәтерлердің аумағына байланысты. Яғни елордада пәтердің бір шаршы метрі арзанырақ есептеледі. Алайда баспананың аумағы кеңірек болғандықтан, жалпы жалдау ақысы да жоғары. Астанада бір бөлмелі пәтерде 1 ай уақытша тұру 220 мың теңге болса, Алматыда бұл көрсеткіш 210 мың теңге. Ал үш бөлмелі пәтерді жалдау ақысында 100 мың теңгедей айырмашылық байқалады.


31 шілде 2026 ж. 44 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031