Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда «Ауыл құтқарушылары» 225-ші ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда «Ауыл құтқарушылары» 225-ші ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда «Ауыл құтқарушылары» 225-ші ерікті өртке қарсы құралымы ашылды
 Төтенше жағдайлар министрлігі
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Шілікті ауылында «Ауыл құтқарушылары» 225-ші ерікті өртке қарсы құралымы ашылды, деп хабарлайды
Jambylinfo.kz 
Жаңа өрт сөндіру бекеті Шілікті, Қарашоқат және Ақеспе ауылдарын қамтып, 1400-ге жұық тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Өрт сөндіру бекеті тәулік бойы қызмет көрсетуге бейімделген. Мұнда кезекші құрамның жұмыс істеуі мен тынығуына қолайлы жағдайлар жасалып, арнайы техниканы сақтауға арналған гараж және қажетті тұрмыстық бөлмелер қарастырылған.
Ерікті өртке қарсы құралымға ТЖМ атынан өрт сөндіру автокөлігі беріліп, қажетті өрт-техникалық жарақтар мен байланыс құралдарымен қамтамасыз етілді. ТЖД мамандары еріктілерге тұрақты түрде теориялық және практикалық дайындық өткізіп, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі тиімді әрекет ету дағдыларын жетілдіреді.
Бекеттің ашылуы Шілікті ауылдық округіндегі елді мекендердің өрт қауіпсіздігін арттыруға, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Бұл бастама табиғи және дала өрттерінің алдын алу шараларын күшейтіп, жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосады.
31 шілде 2026 ж. 43 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031