Бір күнде еліміздің бес өңірінде жаңғыртудан өткен 9 теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Атырау облысында Мақат, Сағыз және Доссор станцияларының теміржол вокзалдарын реконструкциялау жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Атырау облысында Мақат, Сағыз және Доссор станцияларының теміржол вокзалдарын реконструкциялау жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қайта жаңғырту барысында барлық нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстарының кешені орындалды: тірек конструкциялар, шатырлар мен қасбеттер жаңартылды, инженерлік желілер ауыстырылды, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді, іргелес аумақтар абаттандырылып, жаңа жиһаздар мен заманауи жабдықтар орнатылды.
Үш вокзалды реконструкциялау барысында отандық өндірістің материалдары пайдаланылды. Жаңартылған нысандар қауіпсіздік, қолжетімділік және жайлылық талаптарына сәйкес келеді, бұл жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Кеше қайта жаңғыртудан кейін еліміздің бес өңірінде теміржол вокзалдары пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Атырау облысында – Мақат, Сағыз және Доссор станциялары, Алматы облысында – Шамалған және Қазыбек бек станциялары, Қарағанды облысында – Дария және Мырза станциялары, Қызылорда облысында – Сексеуіл станциясы және Қостанай облысында – Железорудная станциясы.
Нысандарды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздегі 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында іске асырылды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру, көлік инфрақұрылымын дамыту және теміржол көлігі нысандарында қолайлы жағдай жасау.












