Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда мектептер ата-аналарды белгілі бір жерден форма алуға мәжбүрлей алмайды

Қазақстанда мектептер ата-аналарды белгілі бір жерден форма алуға мәжбүрлей алмайды

Егер талаптардың бұзылғаны анықталса, жауапты тұлғаларға тиісті шара қолданылмақ
Қазақстанда мектептер ата-аналарды белгілі бір жерден форма алуға мәжбүрлей алмайды
Фото: istockphoto.com
Білім беру ұйымдары ата-аналардан мектеп формасын нақты бір өндірушіден, дүкеннен немесе тігін ательесінен сатып алуды талап етуге еш құқығы жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы облысы білім басқармасының мәліметінше, мектеп формасына қойылатын талаптар салалық министрліктің бұйрығымен реттеледі. Мектептер оқушылардың сыртқы келбетіне қатысты бірыңғай стильді, түсті және жалпы талаптарды белгілей алады. Алайда ата-ананың мектеп формасын қай жерден сатып алатынын шектеуге заңмен тыйым салынған.
Ведомствоның хабарлауынша, мектеп формасына қатысты барлық шешім ашық қабылданып, оған ата-аналар қауымдастығының қатысуы және қолданыстағы заңнама талаптарына сай болуы тиіс. Білім басқармасы мұндай заңбұзушылықтарға қатысты шағымдар түссе, тексеру жүргізілетінін мәлімдеді. Егер талаптардың бұзылғаны анықталса, жауапты тұлғаларға тиісті шара қолданылады.
Сондай-ақ, ата-аналардан мектеп формасын тек белгілі бір сатушыдан сатып алуды талап еткен жағдайлар болса, облыстық білім басқармасына немесе аудандық білім бөлімдеріне жүгінуге шақырды.



30 шілде 2026 ж. 38 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031