Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » +39 градус ыстық: синоптиктер Астана мен Алматыға арналған болжамды жаңартты

+39 градус ыстық: синоптиктер Астана мен Алматыға арналған болжамды жаңартты

+39 градус ыстық: синоптиктер Астана мен Алматыға арналған болжамды жаңартты
Фото: 
depositphotos.com
"Қазгидромет" синоптиктері 31 шілде, 1 және 2 тамызға арналған Алматы мен Астанадағы ауа райы болжамы ұсынылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанадағы ауа райы болжамы
31 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 1-6, күндіз 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +19...+21 градус, күндіз +35...+37 градус аптап.
1 тамызда күн райы құбылмалы болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын оңтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +22...+24 градус, күндіз +33...+35 градус аптап.
2 тамызда күн райы құбылмалы болады, түнде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +31...+33 градус.
Алматыдағы ауа райы болжамы
31 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +19...+21 градус, күндіз +32...+34 градус аптап.
1 тамызда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +35...+37 градус аптап.
2 тамызда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +37...+39 градус өте қатты ыстық.

Ыстықтың жаңа толқыны
Бұған дейін синоптиктер жақын күндері Қазақстанда аптап қайта күшейетінін ескерткен болатын. Болжам бойынша, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі, ал бірқатар облыста қатты жаңбыр жауып, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Толығырақ осы жерден оқыңыз.



30 шілде 2026 ж. 36 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031