Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезеңнің бастауы
Қазақстанда алғаш рет өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы – елдің саяси жүйесін жаңғырту бағытындағы маңызды қадам. Оның мақсаты – өкілді биліктің тиімділігін арттырып, азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдау ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту.Құрылтай атауы халқымыздың тарихи дәстүрімен сабақтас. Ежелгі кезеңдерде құрылтайлар ел тағдырына қатысты маңызды мәселелер талқыланатын жиындар болса, бүгінгі күні бұл атау тарихи мұра мен жаңа саяси модельдің байланысын білдіреді.
Құрылтай депутаттары саяси партиялардың ұсынған тізімдері арқылы пропорционалды сайлау жүйесі негізінде сайланады. Бұл жүйе азаматтарға партиялардың бағдарламаларымен танысып, саналы таңдау жасауға мүмкіндік береді.
Жаңа сайлау талаптары сайлау үдерісінің ашықтығын арттыруға, комиссия мүшелерінің жауапкершілігін күшейтуге және азаматтардың дауыс беру құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Құрылтай сайлауы – азаматтардың ел болашағын айқындауға қатысуының маңызды тетігі. Әрбір сайлаушының таңдауы жаңа саяси кезеңнің қалыптасуына өз үлесін қосады.












