Қос кешен іске қосылды
Коллаж: Айнұр ӘЛИЖақында Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаевауданға жұмыс сапарымен келді. Бұл жолыаймақ басшысы аудан тұрғындары үшін маңызды қос қуаныштың куәсі болды. Қожабақы ауылы мен Әйтеке би кентінде бой көтерген жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға беріліп, екі спорттық нысанның есігі айқара ашылды.
Иә, қазір елде бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді өткізуге көптеп көңіл бөлінуде. Ашылған екі жаңа спорт кешеніосы игі бастаманың жарқын көрінісі іспеттес. Жаңадан бой көтерген спорт кешендері архитектуралық келбетімен ғана емес, ішкі жабдықталуы жағынан да халықаралық стандарттарға толықтай сай келеді. Мұнда түрлі спорт түрімен айналысуға жан-жақты жағдай жасалған.
Қожабақы ауылындағы жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне аймақ басшысымен бірге облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов пен ел ағалары қатысты. Салтанатты шарада облыс әкімі Мұрат Ергешбаев тұрғындарды құттықтап, елді мекендерде кәсіби және бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын айтты.
– Баршаңызды спорт кешенінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ауыл – біздің алтын бесігіміз. Ауылдағы тіршілік сапасын жақсартпай, жалпыұлттық дамуды елестету мүмкін емес» деген болатын. Бүгін Өздеріңізбен бірге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Қожабақы ауылында салынған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашуға жиналдық. Бір күнде 100 адамды қабылдауға қауқарлы заманауи кешенде бокс, грек-рим күресі, волейбол, футбол және баскетбол сынды спорт түрлерімен айналысуға болады. Бұл ауыл жастарының бұқаралық спортпен тұрақты шұғылдануына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге жол ашады деп сенемін. Алдағы уақытта да халқымыздың игілігіне, тұрғындарымыздың жайлы тұрмыс-тіршілігіне, жастарымыздың жарқын болашағына бағытталған жаңа жобаларымыз жалғаса береді, – деді аймақ басшысы.
Одан соң еңбек ардагері Тілек Махамаш сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар, спорт кешенін сапалы етіп салған мердігер мекеме өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Жалғасы 2-бет
Жұмыс сапары аясында облыс әкімі Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев елді мекендерінің тұрғындарымен кездесіп, халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Мұнда ауыл тұрғындары әлеуметтік, инфрақұрылымдық жобалар туралы сауалдарын қойды. Одан соң Әйтеке би кентінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.
– Бүгінде өңірімізде Мемлекет басшысының қолдауымен ауылды дамыту, аймақтардың әлеуетін арттыру, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, кәсіби және бұқаралық спортты дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Міне, Өздеріңізбен бірге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған Әйтеке би кентіндегі кезектідене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне куә болудамыз. Мұнда қазақ күресі, үстел теннисі, волейбол, футбол, гандбол, баскетбол, дзюдо сынды спорт түрлерімен айналысуға барлық жағдай жасалған. Нысанда бір күнде 150 спортшы жаттыға алады. Жаңа спорт кешені дені сау ұлтты қалыптастыруға қызмет етіп, осында жаттығушылар арасынан әлемдік ареналарда Тәуелсіз Қазақстанның көк Туын көкте желбірететін чемпиондар шығады деп сенеміз, – деді облыс әкімі Мұрат Ергешбаев.
Шарада еңбек ардагері Әлімбай Қасқырбай, ҚР спорт шебері, бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы Зарина Толыбайсөз сөйлеп, ел ағасы Самұрат Имандосов батасын берді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар, спорт кешенін салған мердігер мекеме өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, құрметке бөленді.
Жаңа спорт кешендерінің ашылуын жергілікті тұрғындар, әсіресе балалар мен жасөспірімдер үлкен қуанышпен қабылдады. Спортты сүйген олар ендігі өз аумағында кәсіби бапкерлердің жетекшілігімен спортпен шұғылдануға толық мүмкіндік алды.
Айта кеткен жөн болар, Президенттің, Үкіметтің қолдауымен 2022 жылдан бері өңірде 200-ден астам әлеуметтік нысан бой көтерді. Оның 27-сі – спорт кешені. Бой көтерген нысандар бүгінде ел игілігіне айналды. Одан бөлек, Қызылорда қаласында 11 мың орындық «Қайсар Арена» стадионы, «Теннис орталығы», Инклюзивті спорт кешені пайдалануға берілді.«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен Шиелі, Жалағаш аудандарында жаңа спорт кешендері ашылды. Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 80 спорт-ойын алаңы салынды. Бүгінде облыс орталығында «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің «Қайсар» футбол клубы академиясының құрылысы қарқын алған. Жыл басында Қазалы ауданының Бекарыстан би ауылында да дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылған болатын. Ал спорт саласына серпін беріп, биіктерді бағынырып жүрген саңлақтар қатары уақыт өткен сайын арта түсуде. Мәселен, жалпы ауданда спортпен шұғылданушылар саны 35 мыңнан асқан. Спортшылар халықаралық турнирлерден 3 алтын, 7 күміс, 6 қола медаль, Қазақстан чемпионаттарынан 14 алтын, 19 күміс, 27 қола жүлде иеленген.
Иә, жаңадан ашылған қос спорт кешені өңірдің спорт саласындағы жаңа белестерді бағындыруына жол ашатыны анық. Бұл орталықтардан болашақта еліміздің көк байрағын халықаралық ареналарда желбірететін талай чемпиондар шығатынына сенім мол.
Айнұр ӘЛИ













