Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді

Фото: iStock
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 22 шілдедегі жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарлары бағасының төмендеуі байқалды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бағасы ең көп төмендеген өнім  қиярдың бағасы 4,3% арзандады. Сонымен қатар қырыққабат (1,5%), картоп (1,4%), қызанақ (0,8%), алма (0,7%), пияз (0,4%), сүзбе (0,3%), күріш, қарақұмық жармасы, қатты және жартылай қатты ірімшік, тұз (0,1%) бойынша бағалардың төмендеуі байқалды.
Есепті аптада бірінші сұрыпты бидай ұны, бірінші сұрыпты бидай ұнынан дайындалған нан, сүт (пастерленген, ультрапастерленген, 2,2%-дан 6% дейінгі майлылықтағы стерильденген сүт), қаймақ және сары май бағасы өзгеріссіз қалды.
Өңірлік бөліністе еліміздің бірқатар қалаларында дефляциялық динамика байқалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі бір апта ішінде Қонаев, Өскемен және Талдықорған қалаларында 0,4%, Ақтөбе қаласында 0,2%, Алматы, Ақтау, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Орал және Түркістан қалаларында 0,1% төмендеді. Астана, Жезқазған, Қарағанды, Петропавл, Семей және Тараз қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде сақталды.
Республика бойынша қиярдың орташа бағасы келісіне 502 теңгені құрады. Ең төмен баға Тараз қаласында тіркелді – келісі 339 теңге.
Тазартылған күріштің орташа республикалық бағасы келісіне 533 теңге деңгейінде қалыптасты. Ең қолжетімді бағалар Қызылорда қаласында – 456 теңге және Ақтау қаласында  472 теңге болды.
Еліміз бойынша картоптың орташа бағасы келісіне 283 теңгені құрады. Ең төмен баға Түркістан қаласында тіркелді – келісі 218 теңге.
Республика бойынша I санаттағы 10 жұмыртқаның орташа бағасы 564 теңгені құрады. Ең төмен бағалар Қызылорда қаласында (464 теңге) және Орал қаласында (471 теңге) байқалды.
Ет өнімдері бойынша республикадағы орташа бағалар: сүйекті сиыр еті – келісіне 3 775 теңге, тауық еті – келісіне 1 758 теңге.
24 шілде 2026 ж. 38 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031