Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » eGov-та жаңа медициналық қызметтер пайда болады: қазақстандықтар МӘМС жарналарын онлайн қайтара алады

eGov-та жаңа медициналық қызметтер пайда болады: қазақстандықтар МӘМС жарналарын онлайн қайтара алады

Фото:depositphotos.com
eGov.kz электрондық үкімет порталында үш жаңа медициналық қызмет пайда болды, алайда оларды әзірге пайдалану мүмкін емес. Олардың қатарында жедел жәрдем шақыру, қателесіп төленген МӘМС жарналарын қайтару және шетелде емделуге құжат рәсімдеу бар. Tengri Health тілшісі неге бұл қызметтер әзірге қолжетімсіз екенін анықтап көрді.
Қандай жаңа қызметтер пайда болды?
eGov.kz порталының "Денсаулық сақтау. Медициналық көмек" бөлімінде үш жаңа қызмет түрі пайда болды:
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберудің орындылығы және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жазылған сомаларын қайтару.
Жедел медициналық көмек шақыру.
Бұл ретте әрбір қызметтің паспортында оның әзірге автоматтандырылмағаны көрсетілген. Бұл қызметтерді қазіргі уақытта портал арқылы алу мүмкін емес дегенді білдіреді.
Скриншот: eGov.kz электрондық үкімет порталы
Неге қызметтер әзірге қолжетімсіз?
Біз пікір алу үшін жүгінген "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) баспасөз қызметі қызметтің eGov.kz-те пайда болуы оның пайдаланушыларға қолжетімді екенін білдірмейтінін растады.
Олардың мәліметінше, аталған қызметтер қазір компания әзірлемесінде жоқ.
"Электрондық мемлекеттік қызметтерді әзірлеу және іске қосу уәкілетті мемлекеттік орган бастамасымен және дайындығымен жүзеге асырылады", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.
Сондай-ақ олар автоматтандыру аяқталғанға дейін мерзімдер туралы айта алмайтындарын және бұл қызметтер іске қосылғаннан кейін қалай жұмыс істейтініне қатысты пікір бере алмайтындарын атап өтті.
Бұған ӘМСҚ-ның қандай қатысы бар және болашақта тағы қандай қызметтер қосылмақ?
Сонымен қатар бұған дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) аталған қызметтер бірін цифрландыру жоспары туралы хабарлаған болатын. Мәселе "МӘМС-ке аударымдарды, жарналарды және (немесе) өсімпұлдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін артық (қате) аударылған сомаларды қайтару" туралы болып отыр.
Сондай-ақ қор пайдаланушылар келесі ақпараттарды көре алуы үшін eGov Mobile-дағы жеке кабинет мүмкіндіктерін кеңейтуді көздеп отыр:
тіркелген медициналық ұйым туралы өзекті ақпарат;
сақтандыру мәртебесі туралы деректер;
МӘМС жүйесіндегі төлемдер тарихы;
жарналар күнтізбесі және жеңілдік санаты.
"Сол жерде медициналық көмек сапасын бағалау және өтінішті тікелей қорға жіберу мүмкіндігін беру жоспарланып отыр", - деді ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Индира Ерденова.
Сондай-ақ жоспарда электрондық денсаулық паспорты мен қаржылық паспортты, пациенттің алған медициналық көмегі, оның нәтижелері, ТМККК және МӘМС шеңберіңде көрсетілген қызметтер құны мен оларды қаржыландыру көздері туралы мәліметтерді, сондай-ақ басқа да цифрлық қызметтерді енгізу көзделген.
Қазіргі уақытта қосымшада тек МӘМС жүйесіне қатысу, сақтандырылу мәртебесі, сондай-ақ аударымдар мен жарналар туралы ақпарат қолжетімді.
Бұған дейін Қазақстанда жаңа тегін скрининг пайда болатыны хабарланған.
24 шілде 2026 ж. 34 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031