Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда телефон сатып алу ережесі өзгереді: Қандай телефондар сатылымға шықпайды

Қазақстанда телефон сатып алу ережесі өзгереді: Қандай телефондар сатылымға шықпайды

Фото: depositphotos.com
Қазақстанда телефон сатып алушылар үшін жаңа талаптар енгізіледі. Енді ұялы құрылғылардың заңдылығы тексеріліп, верификациядан өтпеген смартфондарды сатуға тыйым салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2025 жылдан бастап Қазақстанда ұялы байланыс құрылғыларын верификациялау жүйесі енгізілді. Оның мақсаты – елде шығарылған немесе шетелден әкелінген телефондардың заңдылығын тексеру.
Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, верификация кезінде құрылғының сәйкестендіру коды тексеріледі. Сондай-ақ телефонның Қазақстан аумағына заңды жолмен әкелінгені немесе өндірілгені туралы ақпарат қаралады.
“Жаңа өзгерістер байланыс саласындағы заңнаманы жетілдіруге және телефон мен интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алуға бағытталған. Енді верификациядан өтпеген ұялы құрылғылар "сапасыз тауар" ретінде қарастырылады”, – делінген министрлік хабарламасында.
Мұндай телефонды сатып алған тұтынушы сатушыдан бірнеше талаптың бірін қоя алады:
тауар бағасын төмендетуді;
ақауын тегін жөндеуді;
жөндеуге кеткен шығынды өтеуді;
телефонды сондай модельдегі басқа құрылғыға ауыстыруды;
басқа модельге ауыстыруды;
сатып алу-сату келісімін бұзып, ақшасын қайтаруды талап етуге құқылы.
Алайда бұл талаптар тек телефонды сатқан адамға қойылады.
“Жаңа талап бойынша сатушы телефонды сатпас бұрын оның сәйкестендіру кодын тексеруге және сатып алушыға құрылғының верификация мәртебесін көрсетуге міндетті болады. Сонымен қатар дүкендер мен онлайн сауда алаңдары да телефондардың заңдылығын тексеруге жауапты болады. Яғни сатылымға шығарылған әр құрылғының кодтары арнайы дерекқор арқылы тексеріліп, бұғаттау немесе шектеу бар-жоғы анықталуы керек. Телефон сатып алған кезде берілетін чек немесе басқа да құжаттарда енді құрылғының сәйкестендіру коды көрсетілуі тиіс. Бұл сатып алушының құқығын қорғауға мүмкіндік береді”, – делінген ведомство хабарламасында.
Заң талаптарына сәйкес, верификациядан өтпеген ұялы байланыс құрылғыларын сатуға тыйым салынады.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң 2026 жылғы 20 маусымда ресми жарияланған. Құжат жарияланған күннен кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді.
23 шілде 2026 ж. 26 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031