Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда әскерден босатылғандар қайта шақырылады: Жаңа талапта тексеріс күшеймек

Қазақстанда әскерден босатылғандар қайта шақырылады: Жаңа талапта тексеріс күшеймек

Фото: ChatGpt арқылы жасалды
Қазақстанда әскерге шақыру тәртібіне өзгеріс енгізілді. Енді облыстық шақыру комиссиялары аудандық комиссиялардың шешімдерін тексеріп, заңбұзушылық анықталған жағдайда олардың күшін жоя алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкіметтің жаңа қаулысына сәйкес, облыстық комиссиялар азаматтардың шағымдарын қарайды. Әскерден кейінге қалдыру немесе босату туралы шешімдердің заңға сай қабылданғанын тексереді. Сондай-ақ аудандық шақыру комиссияларының жұмысына бақылау жүргізеді.
Құжатта облыстық комиссияларға төменгі деңгейдегі комиссиялардың шешімдерінің күшін жою құқығы берілгені көрсетілген.
"Егер аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) шақыру комиссиясының азаматты әскери қызметке шақырудан босату туралы шешімінде заң бұзушылық анықталса, облыстық (немесе республикалық маңызы бар қала, астана) шақыру комиссиясы оның күшін жою туралы шешім қабылдайды", – делінген құжатта.
Сондай-ақ азамат әскери қызметке шақырылуы, кейінге қалдыра алуы, әскерге шақырудан босатылуы немесе әскери есептен шығарылып, әскери міндеттіліктен толық босатылуы мүмкін.
Бұдан бөлек, облыстық шақыру комиссияларының барлық шешімі Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінде электронды форматта рәсімделіп, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы бекітіледі.
22 шілде 2026 ж. 29 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031