Дәрігер кеңесі: Коронавирусты жұқтырмас үшін қандай дәрумендер ішу қажет?

Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №8 қалалық емханасының жалпы практикалық дәрігері Шолпан Дайрабаева коронавирус инфекциясын жұқтырып алмас үшін қандай дәрумендер қабылдау керектігін айтты.
Дәрігердің айтуынша, иммунитетті көтеру – адам организмі үшін аса маңызды.Қазір жаз мезгілі болғандықтан, ең қолайлысы – жеміс-жидек пен көкөністерді көп жеуді ұсынамын. Осылайша, ағзаға қажетті барлық дәрумендерді алуға болады. Ал дәрумендерді жекелеп қабылдауға келер болсам, С және В дәрумені – бастысы. Өздеріңізге белгілі, С дәрумені – иммунитетті нығайтады. Ал Д дәрумені қантамыр үшін маңызды. Себебі инфекция ең алдымен қантамырлар қабырғасын зақымдайды. Соны болдырмас үшін аталған дәрумен деңгейі жеткілікті болуы тиіс, - деп атап өтті дәрігер.
Сондай-ақ дәрігер ретінде биологиялық белсенді қоспаларды қабылдауға қарсымын деген маман дәруменді барынша тағамнан алған дұрыс деп отыр. Сонымен қатар С дәрумені қарақат, болгар бұрышы, қырыққабат, цитрусты жемістерде бар. Ал Д дәрумені балық, сарымай, ашытылған сүт өнімдері мен күн сәулесінде мол.