Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде қымыз өндірісі айтарлықтай артты, ал шұбатқа сұраныс әлі де төмен

Елімізде қымыз өндірісі айтарлықтай артты, ал шұбатқа сұраныс әлі де төмен

Қымыз өндірісі артса да, баға арзандамаған
Елімізде қымыз өндірісі айтарлықтай артты, ал шұбатқа сұраныс әлі де төмен
Фото:
ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT
Жаздың аптап ыстығында елде ұлттық сусындарға сұраныс артқанымен, олардың өндірісі екі түрлі бағыт көрсетіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еnergyprom.kz мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы 5 айында (қаңтар–мамыр) елде 683 тонна қымыз өндірілді. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 47,2%-ға көп.
Ал түйе сүтінен дайындалатын шұбат керісінше 12,9%-ға азайып, өндіріс көлемі 432 тоннаға бірақ түскен. Тіпті соңғы 5 жылдағы ең төменгі көрсеткіштердің біріне айналып отыр.
Өндірістің өскеніне қарамастан, қымыздың бағасы тоқтар емес. Маусым айындағы есеп бойынша, қымыздың жылдық қымбаттауы 14,2%-ға жеткен (былтыр бұл өсім 8,5% еді).
Баға қай өңірде өсті:
  • Ақмола облысы — баға бірден 30,5%-ға қымбаттады;
  • Солтүстік Қазақстан — +27,4%;
  • Жетісу облысы — +24,2%.
Ал Қарағанды мен Абай облыстарында баға өсімі ең төменгі деңгейде тіркелді бар болғаны 6,3%.
Осылайша, қымыз өндірісі өткен жылдардағы құлдыраудан кейін қайта жанданып, бағасы өсіп жатса, шұбат нарығы әлі де болса тоқыраудан шыға алмай келеді.



20 шілде 2026 ж. 76 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031