Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Мамандар мұндай кезде ашық ауада ұзақ серуендеуден бас тартуға шақырады.
Фото: istockphoto.com«Қазгидромет» РМК бүгінге, 20 шілдеге арналған ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, 20 шілдеде Алматы қаласында, ал түнгі уақытта Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Мұндай кезде атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы төмендеуі мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Осындай жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның ластану деңгейі артуы ықтимал.
Мамандар мұндай кезде ашық ауада ұзақ серуендеуден бас тартуға шақырады.









