Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа рекорд: Қазақстан құрамасы Халықаралық биология олимпиадасында төрт медаль иеленді

Жаңа рекорд: Қазақстан құрамасы Халықаралық биология олимпиадасында төрт медаль иеленді

Жаңа рекорд: Қазақстан құрамасы Халықаралық биология олимпиадасында төрт медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2026 13:11Сурет: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан құрамасы Халықаралық биология олимпиадасында үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Литваның Вильнюс қаласында 37-ші Халықаралық биология олимпиадасы (International Biology Olympiad, IBO-2026) өз мәресіне жетті. 12-19 шілде аралығында өткен әлемдегі ең беделді зияткерлік жарыстардың біріне 84 елден 330-дан астам дарынды жас биолог қатысты.
Олимпиада барысында қатысушылар күрделі теориялық тапсырмалармен қатар, терең білім мен зерттеушілік дағдыларды талап ететін зертханалық тәжірибелерді де сәтті орындады.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үш күміс және бір қола медаль жеңіп алып, 1996 жылы қол жеткізілген ұлттық құраманың Халықаралық биология олимпиадасындағы үздік нәтижесін қайталады.
Қазақстан құрамасының жүлдегерлері:
  • Қайыркен Ерсұлтан – Павлодар облысындағы "Білім-инновация" дарынды ер балаларға арналған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
  • Желтова Софья – Алматы қаласындағы NIS химия-биология бағытындағы 11-сынып оқушысы;
  • Әшірханов Әлихан – Алматы қаласындағы "Білім-инновация" мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
  • Меженина Евгения – Қарағанды қаласындағы NIS химия-биология бағытындағы 11-сынып оқушысы.
Құрама команданың жетекшілері мен жаттықтырушылары:
  • Лейла Асқарова – MD, Nazarbayev University; Ілияс Сәкімов – "Білім-инновация" ХҚҚ әдіскері;
  • Кәмилә Садықова – Nazarbayev University зертханасының үйлестірушісі;
  • Дінмұхаммед Оразбаев – Астана медицина университетінің студенті.
Халықаралық биология олимпиадасы 1990 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан бұл олимпиадаға 1994 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. 2025 жылы ұлттық құрама төрт қола медаль жеңіп алса, 2026 жылы 1996 жылғы үздік нәтижені қайталап, қазақстандық оқушылардың әлемдік деңгейдегі жоғары даярлығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
19 шілде 2026 ж. 125 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031