Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктер елдің бес қаласының тұрғындарына ескерту жасады

Синоптиктер елдің бес қаласының тұрғындарына ескерту жасады

Синоптиктер елдің бес қаласының тұрғындарына ескерту жасадыPixabay.com
«Қазгидромет» РМК 19 шілдеде Қазақстанның бес қаласының тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ
Синоптиктердің мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар атмосфераның жерге жақын қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етуі мүмкін.
Ескерту Алматы және Балқаш қалаларына, сондай-ақ түнгі уақытта Өскемен, Семей және Риддер қалаларында жарияланды.
«Қазгидромет» мұндай жағдайлар әдетте желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия қатар байқалған кезде қалыптасатынын түсіндірді. Соның салдарынан зиянды заттар ауада нашар таралып, шоғырлана бастайды.
АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Алматыда 19 шілдеде жауын-шашынсыз, күн құбылмалы бұлтты болады. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы +25…+27 градус болса, күндіз аптап ыстық +40…+42 градусқа дейін жетеді.
Балқашта да жауын-шашынсыз. Түнде +22…+24 градус, күндіз +28…+30 градус болады.
Өскеменде күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +35…+37 градусқа дейін көтеріледі. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.
19 шілде 2026 ж. 116 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031