Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 6 айда қазынаға 8,5 трлн теңге түсті Толық нұсқасына

6 айда қазынаға 8,5 трлн теңге түсті Толық нұсқасына

Сурет: istockphoto.com
2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында республикалық бюджеттің кірісі жоспарлағаннан жоғары орындалды. Қаржы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, трансферттерді есептемегенде, бюджетке 8,5 трлн теңге түсті. Бұл жоспардың 100,6 пайызға орындалғанын көрсетеді.
Үкімет отырысында алты айдағы бюджеттің ат­қарылу қорытындысын баяндаған Қаржы министрінің мін­детін атқарушы Ержан Біржановтың айтуынша, кіріс кө­лемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 трлн теңгеге немесе 24,6 пайызға өскен.

Салық түсімдері 8,3 трлн теңгені құрап, жоспар 100,3 пайызға орындалды. Былтырғы алғашқы жарты­жыл­дықпен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,9 трлн тең­геге немесе 29 пайызға артқан. Кірістің көбеюіне сырт­қы сауданың жандануы, салық базасының кеңеюі, сон­дай-ақ салық және кедендік басқару сапасының жақ­саруы әсер еткен.
Экономиканың ашықтығын арттыру бағытында да бір­қатар іс-шара жүзеге асырылды. «Халық бухгалтері» ак­циясы аясында 61 мыңнан астам салық төлеушіге кеңес берілді. «Таза парақтан» бастамасы бойынша 19 мың шағын және микробизнес субъектісінің 9,3 млрд тең­ге көлеміндегі өсімпұлы мен айыппұлы есептен шы­ғарылд­ы.
Алты айда 546 мыңға жуық жеке тұлға тіркеліп, қы­з­метін заңдастырған. Өзін-өзі жұмыспен қамты­ған­дар­ды қоса алғанда, кәсіпкерлік субъектілерінің саны жыл басынан бері 499 мыңға өсіп, 2,9 миллионға жетті. Қосылған құн салығын төлеушілер қатары 22,3 мыңға артып, 158,2 мың болды.
Кедендік инфрақұрылымды жаңарту да оң нәтиже көрсетті. Жаңғыртылған өткізу пункттерінен өткен ав­токөлік саны 18 пайызға көбейіп, шамамен 900 мыңға жет­кен. Кеден төлемдерінің көлемі 2,4 трлн теңгені құра­ды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 400 млрд теңге­ге артық.
Алдағы уақытта кедендік рәсімдерді цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу жұ­мыс­тары жалғасады. Бұл шекарадан өту уақытын қыс­қар­тып, заңсыз тауар айналымын азайтуға және адал кәсіп­керлер үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік бюджет шы­ғыстары 98,2 пайызға, ал республикалық бюджет шы­ғыстары 99,6 пайызға орындалды. Зейнетақы мен әлеу­меттік жәрдемақыларға 3,6 трлн теңге, өңірлерді қол­дауға 3 трлн теңге, экономиканың нақты секторына ша­мамен 1,3 трлн теңге бағытталды.
Бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылау мақ­сатында 541 аудиторлық іс-шара өткізілді. Тексеру 1,8 трлн теңге көлеміндегі қаражатты қамтыды. Нәти­же­­сінде, 456 млрд теңгеге қаржылық кемшілік анық­та­лып, оның 318 млрд теңгеге жуығы бойынша бұзу­шы­лық­­тар жойылды.
Сонымен қатар мемлекеттік аудитті жетілдіру үшін SMART AUDIT QAZAQSTAN бірыңғай талдамалық плат­фор­­масы әзірленіп жатыр. Әлеуметтік саланы цифрлан­дыру жұмыстары да жалғасуда. Қазір мемлекеттік және жекеменшік мектептердің 78 пайызы цифрландырылған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ар­қылы қаржыландырылатын медициналық ұйым­дар­дың барлығы Qalqan бірыңғай порталына қосылған.
Алты айдың қорытындысы бюджет кірісінің тұрақ­ты өскенін көрсетті. Ендігі міндет жиналған қаражатты тиім­ді пайдаланып, әлеуметтік міндеттемелердің орын­далуын, өңірлердің дамуын және экономиканың тұрақ­тылығын қамтамасыз ету болмақ.

17 шілде 2026 ж. 30 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031