Инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Сёке Сабольчпен кездесті. Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.Инвестициялық ынтымақтастық бағытында да маңызды қадам жасалуда. «UBM Group» компаниясы еліміздің бірқатар өңірінде белсенді жұмыс істейді. Компания жобаның екінші кезеңіне өтіп, тағы екі құрама жем зауытын салуды көздеп отыр. Қазіргі уақытта осы екі зауытты орналастыру мәселесі талқыланып жатқандықтан, оның біреуін Қызылорда облысында салуды ұсынамыз. Өйткені ауыл шаруашылығы – өңірлік экономиканың негізі, – деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, республикадағы күріш пен ас тұзы өндірісінің 90 пайыздан астамы Қызылорда облысының үлесіне тиесілі. Кейінгі жылдары мал және құс шаруашылығы, сүт өндірісі қарқынды дамып, құрама жемге деген сұраныс тұрақты өсіп келеді.Бүгінде «Harvest Agro» компаниясының қатысуымен ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Бұл жылына 150 мың тонна жүгері мен 40 мың тонна соя өндіруге мүмкіндік береді және құрама жем өндірісінің өзіндік құнын төмендетуге ықпал етеді.
Облыстың географиялық жағынан қолайлы орналасуы, дамыған көлік-логистикалық инфрақұрылымы, арнайы экономикалық аймақтың және инженерлік инфрақұрылым тартылған алты индустриялық аймақтың болуы инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі











