Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

ІІМ қаржы қызметкерлеріне алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.
Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды
Фото: iStock
Ішкі істер министрлігі алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алаяқтар азаматтармен Telegram мессенджері арқылы байланысып, өздерін мемлекеттік органдардың, компаниялар мен ұйымдардың басшылары ретінде таныстырады. Бұл ретте олар шынайы басшылардың фотосуреттері мен деректерін пайдаланады. Директордың, басшының немесе басқа да лауазымды тұлғаның атынан қаскөйлер қызметкерлерге шұғыл түрде көрсетілген есепшотқа ақша аударуды, қызмет ақысын төлеуді, қандай да бір тауар үшін қаражат жіберуді немесе өзге де қаржылық операцияларды орындауды талап ететін хабарламалар жібереді.
Көбіне мұндай хабарламаларды бухгалтерлер, қаржы қызметкерлері және ұйымның қаражатына қолжетімділігі бар тұлғалар алуы мүмкін.
Егер сіз осындай хабарлама алсаңыз:
ақша аудармаңыз және қаржылық операцияларды орындамаңыз;
міндетті түрде басшымен телефон арқылы немесе жеке байланысыңыз;
телефон нөмірін, жіберушінің аккаунтын және хабарлама мазмұнын мұқият тексеріңіз;
күмән туындаған жағдайда хат алмасуды тоқтатып, болған жағдай туралы басшылыққа және жауапты қызметкерлерге хабарлаңыз.
Сіздің қырағылығыңыз ақшаңызды сақтауға және алаяқтықтың алдын алуға көмектеседі, – деді ІІМ өкілдері.
13 шілде 2026 ж. 243 0

Бір күн – мың кеңес

17 тамыз 2026 ж. 63

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31