Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтарға Telegram-дағы жаңа схема туралы ескертілді

Қазақстандықтарға Telegram-дағы жаңа схема туралы ескертілді

Фото:depositphotos.com
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға Telegram-дағы жаңа алаяқтық схемасы туралы ескерту жасады. Қаскөйлер өздерін мемлекеттік органдардың, компаниялар мен ұйымдардың басшылары ретінде таныстырады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, алаяқтар нақты басшылардың фотосуреттері, есімдері және басқа да деректері пайдаланылған аккаунттар ашады. Содан кейін олар ұйым қызметкерлеріне хабарласып, директордың, бастықтың немесе басқа да лауазымды тұлғаның атынан шұғыл қаржылық операцияны орындауды талап етеді.
Қаскөйлер көрсетілген шотқа ақша аударуды, тауарлар немесе қызметтер үшін ақы төлеуді немесе басқа да шұғыл тапсырманы орындауды сұрауы мүмкін. Мұндай хабарламалар көбінесе бухгалтерлерге, қаржы мамандарына және ұйымның ақшалай қаражатына қолжетімділігі бар басқа да қызметкерлерге жіберіледі.
Егер сізге осындай хабарлама келсе:
ақша аудармаңыз және қаржылық операцияларды орындамаңыз;
міндетті түрде басшыға телефон арқылы немесе жеке жолығып хабарласыңыз;
телефон нөмірін, жіберушінің аккаунтын және хабарламаның мазмұнын мұқият тексеріңіз;
кішкене күмән туындаған жағдайда хат алмасуды тоқтатып, болған жайт туралы басшылыққа және жауапты қызметкерлерге хабарлаңыз.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокуратура Telegram аккаунттарын бұзудың жаңа схемасы туралы ескертті. Қадағалау органы өз аккаунтыңызды қалай қорғауға болатынын және алаяқтардың құрығына түспеу жолдарын айтып берді.
13 шілде 2026 ж. 50 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031