Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сарапшы Қазақстанда әуе билеттерінің қымбаттау себебін атады

Сарапшы Қазақстанда әуе билеттерінің қымбаттау себебін атады

Фото: pixabay.com
"Туристік Қамқор" корпоративтік қорының төрайымы Инна Рей Қазақстанда әуе билеттерінің бағасы не себепті қымбаттап жатқанын түсіндіріп, билет бағасын қоюда мемлекеттің қатысы жоғын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Қазинформ” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Инна Рейдің айтуынша, Қазақстанда әуе билеттерінің бағасын әуе компаниялары өз шығындары мен экономикалық жағдайына қарай өздері белгілейді.

“Бүгінде әуе билеттерінің бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді. Үкімет тек мемлекеттік тапсырыс бойынша орындалатын рейстерге ғана араласады. Билет құнын белгілеу толықтай әуе компанияларының құзырында. Олар өз шығындарын есептеп, табыс табуды көздейді. Себебі авиация саласы – қомақты қаржы талап ететін өте қымбат сала”, – дейді Инна Рей.

Оның айтуынша, әуе билеттерінің бағасына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – авиациялық отынның құны. Сарапшының сөзінше, бұл нарықтағы кез келген өзгеріс әуе тасымалының өзіндік құнына бірден ықпал етеді.

“Соңғы уақытта әуе билеттерінің қымбаттауы, ең алдымен, авиациялық отын бағасының өсуімен байланысты болды. Бұдан бөлек, белгілі бір кезеңде қажетті көлемде авиаотын жеткізіле ме деген мәселе де туындады. Үздіксіз отынмен қамтамасыз етілу үшін көптеген әуе компаниясы жаңа жағдайларға бейімделуге мәжбүр болды. Әрине, мұның бәрі әуе тасымалы құнының өсуіне әсер етті”, – деді қор төрайымы.
Инна Рейдің сөзінше, бұл салада қауіпсіздікке басымдық беріледі. Сондықтан әуе компаниялары ұшақтарға тұрақты техникалық тексеру жүргізіп, барлық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға міндетті.

Бұған дейін ұшақ билеттері қымбаттауы мүмкін екенін жазған едік. Азаматтық авиация комитеті бірқатар субсидияланатын рейстерге әуе тасымалдаушысын анықтау үшін қайта конкурс жариялады
12 шілде 2026 ж. 108 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031