Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпбалалы аналарға «Күміс алқа» табысталды

Көпбалалы аналарға «Күміс алқа» табысталды

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарға «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын салтанатты түрде табыстады.
Отбасы құндылықтарын дәріптеу, аналардың қоғамдағы ерекше орнын насихаттау және олардың еңбегіне құрмет көрсету мақсатында өткен кездесуге ауданның ардақты аналары қатысты.
Салтанатты шарада аудан әкімі аналарды марапаттарымен құттықтап, олардың отбасы берекесін сақтаудағы, саналы ұрпақ тәрбиелеудегі және қоғамның дамуына қосып отырған өлшеусіз үлесін ерекше атап өтті.
– Ана – мейірімнің қайнары, отбасының берекесі, ұлттың ұйытқысы. Ұрпақ тәрбиесі – ел болашағының негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Мемлекетіміз аналарды, балаларды және отбасыларды қорғауға ерекше көңіл бөледі» деп атап өткен болатын. Бұл – елімізде отбасы институтын нығайту мен ана мәртебесін арттыруға айрықша мән берілетінінің айқын дәлелі. Сіздердің қоғамдағы орындарыңыз әрдайым биік, еңбектеріңіз қашанда құрметке лайық, – деді аудан басшысы.
Бүгінде Қазалы ауданында 1924 батыр аналарымыз бар. Оның ішінде 674 ана – «Алтын алқа», 1187 ана – «Күміс алқа», 22 «Батыр ана» және 41 анамыз «Ана даңқы» иегері атанып, мемлекетіміздің жоғары марапатына ие болған. Бұл – ауданымыздағы отбасы институтының нығаюының, ана еңбегіне деген құрметтің және демографиялық өсімнің жарқын көрінісі.
Қазіргі таңда ауданда 3485 көпбалалы отбасыға мемлекет тарапынан жәрдемақы төленуде. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған және әлеуметтік қолдауды қажет ететін аналарға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйелі түрде көрсетілуде.
Кездесу барысында аудан әкімі мемлекет тарапынан аналар мен балаларды қолдау әрдайым басым бағыттардың бірі болып қала беретінін айтып, аудан көлемінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
Салтанатты рәсімде Президент Жарлығына сәйкес марапатқа ие болған аналарға «Күміс алқа» белгілері табысталып, оларға гүл шоқтары мен арнайы сыйлықтар ұсынылды.
Шара соңында Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының өнерпаздары аналарға арнап ән-жырдан шашу шашып, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды.
Кездесу соңында аудан әкімі марапат иелеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, ұрпақтарының қызығын көріп, ел игілігі жолындағы еңбектері еселене беруіне тілектестік білдірді.
11 шілде 2026 ж. 42 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031