Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Батыр аналар марапатталды

Батыр аналар марапатталды

Бүгін Қазалы ауданының әкімі М.Ергешбаев ел демографиясына үлес қосқан көпбалалы аналарға Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №421 Жарлығына сәйкес, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгісін табыстады.
Марапаттау сәтінде аудан әкімі әр шаңырақтың ұйытқысы, берекесі болып отырған аналарға халық санын көбейтуде ерекше үлес қосқандары үшін алғысын айтып, гүл шоқтарын тарту етті.
Құттықтау шарасында Әйтеке би кентінің тұрғындары А.Қоразбекова, Г.Көшербаева, А.Қожаниязова «Алтын алқа» және Ақсуат ауылының тұрғыны Н.Өмірзақова, Ү.Түктібаев ауылынан З.Ембергенова, Қожабақы ауылынан А.Сметова, Әйтеке би кентінен Ж.Тәуекел, Абай ауылынан А.Смағұлова және Қ.Пірімов ауылынан Г.Медеуова «Күміс алқа» медалімен марапатталды.
Айта кетейік, Қазалы ауданында 40231 әйел бар, олардың 2 мыңнан астамы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері. Жыл басынан бері 14 көпбалалы анаға «Алтын алқа», 58 анаға «Күміс алқа» төсбелгісі ресми түрде беріліп, құрмет көрсетілген.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
22 қазан 2020 ж. 1 439 0

Орманға қорған

20 қазан 2025 ж. 37

Жол уақытша жабылады

20 қазан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031