Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресей Қазақстаннан бензин жеткізу жөнінде келіссөз жүргізуде

Ресей Қазақстаннан бензин жеткізу жөнінде келіссөз жүргізуде

Ресей ішкі тапшылықты азайту үшін Қазақстаннан шамамен 50 мың тонна АИ-92 бензинін импорттау жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр.
бекет
Фото: Zakon.kz
Астана, NEGE. Бұл жөнінде Reuters төрт дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
Бұған Украина дрондарының шабуылынан кейін Ресейдің бірнеше ірі мұнай өңдеу зауыты жұмысының тоқтап қалуы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары себеп болған. Бұл бензин өндірісінің өткен жылмен салыстырғанда шамамен 25 пайызға қысқаруына әкелген.
Дереккөздердің пікірінше, Қазақстан Ресеймен салыстырғанда жанармайды әлдеқайда аз өндіретіндіктен, жеткізілетін көлем де көп бола қоймайды.
Бұл ретте бензин жеткізудің ықтимал көздерінің бірі ретінде Батыс Қазақстан облысындағы «Конденсат» зауыты аталған. Зауыт қазірдің өзінде ресейлік шикізатты өңдеумен айналысады.
Айта кетерлігі, 26 маусым мен 20 шілде аралығында Атырау мұнай өңдеу зауытында жүргізілетін жөндеу жұмыстары қордың азаюына әсер етуі мүмкін.
Сондай-ақ Қазақстан бензинін ресейлік авиациялық отынға айырбастау нұсқасы да қарастырылған. Сала мамандары шілдеде Қазақстанда авиациялық отын тапшылығы туындауы мүмкін екенін алға тартады.
Ал бұған дейін Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов әзірге Ресейден бензин жеткізу туралы ресми өтініш түспегенін мәлімдеген еді.


25 маусым 2026 ж. 173 0

Дара таланттар додасы

24 қазан 2026 ж. 77

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031