Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаннан бергі он жыл ішінде өзара сауда көлемі екі еседен асқан

Еуропалық Комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаннан бергі он жыл ішінде өзара сауда көлемі екі еседен асқан
– Мұның өзі көп жайтты аңғартады. Сонымен қатар түрлі саладағы әлеуетіміз әлі де мол. Біз сауда қатынастарын, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыруға мүдделіміз. Бұдан бөлек, өзара тауар айналымы мен инвестицияға тың серпін беру мақсатында сауда-саттықтағы кедергілерді еңсеру мәселелерін бірлесіп талқылауымыз қажет. Тағы бір мәселе. Визалық режимді жеңілдету және реадмиссиялау жөніндегі келісімдер бойынша белсенді жұмыс қолға алынған. Бұған қатысты келіссөздер аяқталып келеді, – деді Урсула фон дер Ляйен.
t.me/aqorda_resmi












