Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбекпен өрілген жол

Еңбекпен өрілген жол

Қазалы ауданының әкімдігі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты маңызды мәжіліс өтті. Онда аудан әкімінің орынбасары Дәурен Оңғарбайұлының Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалуына байланысты шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды.

Дәурен Оңғарбайұлының ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік саланың жетілдірілуіне қосқан елеулі үлесі ерекше атап өтілді. Аудан әкімі қалалық активтің алдында сөз сөйлеп, Дәуреннің мансаптық жолы мен кәсіби жетістіктері туралы құрамды мәлімет берді.
«Дәурен Оңғарбайұлы Қазалы ауданында дүниеге келіп, еңбек жолын 2009 жылы Қазалы аудандық газетте әдеби қызметкер ретінде бастады. 2011-2013 жылдары аталған газеттің жауапты хатшысы болып жұмыс істеді. Кейін Қазалы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы, 2020 жылы Қазалы қаласы әкімінің орынбасары, 2020-2021 жылдары «Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, ал 2021 жылдан бастап қазіргі күнге дейін аудан әкімінің орынбасары ретінде қызмет атқарды», – деді Алмасбек Әбілқасымұлы.
Дәурен Оңғарбайұлының білім деңгейі де ерекше назар аударуды талап етеді. Ол 2024-2025 жылдары ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында «Өңірлік даму» білім беру бағдарламасы бойынша білімін жетілдіріп, «Бизнес және басқару» магистрі дәрежесін иеленді. Аудан әкімінің орынбасары ретінде білім, мәдениет, спорт, дін және қоғамдық даму салаларына жетекшілік жасап, қоғамдық-саяси ахуалды жақсартуға зор үлес қосты. Аудан көлемінде қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес және жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды жандандыруға атсалысты.
Сонымен қатар Дәурен Оңғарбайұлының жұмысы барысында мемлекет басшысының қабылдаған саяси реформаларын тиімді іске асыру шараларын үйлестіру, сонымен қатар өткен сайлау науқандарында ауданның дайындығын жоғары деңгейде қамтамасыз ету табыстары таразыланды. ҚР Үкіметі мен аймақ басшысының қолдауымен бой көтерген білім беру, спорт, тарихи-мәдени нысандардың қалыпты қызмет етуі мен мазмұндық идеологиялық жұмыстардың жүргізілуіне де үлкен үлес қосты.
Мәжіліс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Дәурен Тлеумбетовке Қазалы ауданының Құрмет грамотасы табысталды. Актив жиында «РЗА» акционерлік қоғамының президенті, Қызылорда облысының құрметті азаматы, «Құрмет», «Парасат», І және ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Самұрат Имандосов, Қазалы ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Қасқырбай Әлімбай, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш сөз сөйлеп, Дәурен Тлеумбетовке сәттілік пен табыс тілеп, жаңа қызметіне құттықтау жолдады.
Жиында сөз алған Дәурен Оңғарбайұлы әріптестеріне шынайы ризашылығын білдіріп, оларға сенім білдіріп, бірге қызмет атқарған жылдарындағы естеліктермен бөлісті. Ол Қазалы ауданында еңбек еткен жылдары жинаған тәжірибесі мен әріптестерінің қолдауы алдағы қызмет жолында үлкен демеу болатынын атап өтті. Дәурен Оңғарбайұлы өз кезегінде аудан басшысы мен барша азаматтарға жұмыстарында жоғары нәтижелерге жету жолындағы қолдауларына алғыс айтты.
Сонымен қатар Дәурен жаңа қызметте де ел мүддесіне адал қызмет етіп, өңірдің дамуына өзіндік үлесін қосуға дайын екендігін жеткізді. «Менің жаңа қызметімде де міндеттеме мен жауапкершілікті мойныма алып, елімнің өркендеуі жолында адал қызмет ете отырып, азаматтарға және аудан халқының игілігіне сапалы жұмыстарды атқара беруге тырысамын», – деді Дәурен Оңғарбайұлы.
Мәжіліс барысында оның жетістіктері мен жасампаздығы аудан тұрғындары үшін үлгі болып, жастарға берілген мүмкіндіктер мен мақсатқа жету жолындағы ынтаны арттырады. Дәуреннің жаңа қызметі аудан мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызды әсер ететініне сенім білдіріп, оған сәттілік тілейміз.
Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
23 маусым 2026 ж. 52 0

Серт пен міндет биігінде

23 маусым 2026 ж. 41

Еңбекпен өрілген жол

23 маусым 2026 ж. 53

Гүл жайнаған балғындар

23 маусым 2026 ж. 41

Ұлттың алтын діңгегі

23 маусым 2026 ж. 37

Елге қызмет-ерге міндет

23 маусым 2026 ж. 42

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930