Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 24 маусымнан бастап 2000 теңгелік ескі банкнот айналымнан шығады

24 маусымнан бастап 2000 теңгелік ескі банкнот айналымнан шығады

24 маусымнан бастап 2000 теңгелік ескі банкнот айналымнан шығады
istockphoto
24 маусымда Қазақстанда 2012 жылғы үлгідегі 2000 теңгелік банкнот айналымнан шығады, деп хабарлайды turkystan.kzTengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Осыған байланысты Ұлттық банк қатар айналым мерзімі аяқталғаннан кейін де барлық банк пен "Қазпошта" ескі үлгідегі банкноттарды жаңа үлгідегі банкноттарға тағы 3 жыл бойы айырбастайтынын еске салды.
Ал Ұлттық банктің филиалдарында мұндай банкноттар қабылдана береді.
Бұған дейін маусымның аяңында 2012 жылғы үлгідегі 10 мың теңгелік банкнот та қатар айналымнан шығарылады деп жоспарланған еді. Алайда кейін оның айналым мерзімі 2027 жылғы шілдеге дейін ұзартылды.
"2 000 және 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналымын бір уақытта аяқтау банк жүйесіне салмақ түсіруі мүмкін. Сондықтан мерзімді ұзарту азаматтар мен бизнеске ескі банкноттарды жаңа үлгіге біртіндеп әрі ыңғайлы ауыстыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ескі үлгідегі банкноттардың табиғи түрде тозуына жағдай жасайды", — деп түсіндірді Ұлттық банктегілер.
Бұған дейін әлеуметтік желіде жақын уақытта бірден бес түрлі банкнот айналымнан шығады деген жазба тараған еді. Онда әр жылдары шыққан 500, 2 000, 10 000 және 20 000 теңгелік купюралар аталған.


22 маусым 2026 ж. 40 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930