Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қапшағай су қоймасына 20 жастағы бойжеткен батып кете жаздады

Қапшағай су қоймасына 20 жастағы бойжеткен батып кете жаздады

Ол шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен
Қапшағай су қоймасына 20 жастағы бойжеткен батып кете жаздады
Фото: © istockphoto.com
Қонаев қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Қапшағай су қоймасына батып бара жатқан 20 жастағы бойжеткенді аман алып қалды. Ол шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2005 жылы туған бойжеткен жағалаудан 20 метрдей қашықтықта, белгіленген деңгейден асып кетіп, суға бата бастаған. Қонаев қаласындағы демалыс орындарының бірінде су айдынын патрульдеу кезінде министрлік қызметкерлері көмекке мұқтаж жанды дер кезінде байқап, жедел әрекет етті.
«Құтқарушылар бойжеткенді судан шығарып, жағалауда алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан кейін оны жедел жәрдем бригадасына табыстады. Зардап шегуші МТЖ қызметкерлерінің сүйемелдеуімен Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілді», — деп хабарлады мекеме өкілдері.
Төтенше жағдай қызметкерлерінің кәсіби әрі жылдам қимылының арқасында адам өмірі аман қалды. Қазіргі уақытта бойжеткен дәрігерлердің бақылауында жатыр, оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі жазғы демалыс кезінде қайғылы жағдайларды болдырмау үшін азаматтардан қарапайым ережелерді қатаң сақтауды сұрайды.



21 маусым 2026 ж. 29 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930