Жануарлар мен орман алқаптарына зиян келтіргендерге жаза қатаңдайды — Тоқаев заңға қол қойды
Ұсынылып отырған нормаларды іске асыру табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануға жағдай жасайды

Фото: © istockphoto.com
Мемлекет басшысы заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы, сондай-ақ кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Заңда көзделген түзетулер жануарлар дүниесін басқарудың заманауи ғылыми негізделген тәсілдерін енгізуге, саланы цифрландыруды дамытуға, жануарлар ресурстарын қорғау және молықтыру тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.
Құжат аясында жануарлар ресурстарын басқарудың бейімделмелі моделіне көшу, аңшылық шаруашылығында жануарларды өсіруді дамыту, жануарларды есепке алу бойынша есептілікті цифрландыру, электр беру желілерін құстарды қорғау құрылғыларымен міндетті түрде жабдықтау, сондай-ақ әуесқойлық аң аулау кезінде жылу бейнелеуіштерді, түнгі көру құрылғыларын және ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануға тыйым салу қарастырылған.
Сондай-ақ, Заң жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді көздейді. Атап айтқанда, айыппұл мөлшері, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамауға алу, бас бостандығын шектеу және айыру мерзімдері, сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айыру мерзімдері ұлғайтылады.
Ұсынылып отырған нормаларды іске асыру жануарлар дүниесін қорғау тиімділігін арттыруға, биоалуантүрлілікті сақтауды қамтамасыз етуге және табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануға жағдай жасауға мүмкіндік береді.