Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » XXI ғасырдағы Арал теңізі

XXI ғасырдағы Арал теңізі

XXI ғасырдағы Арал өңірінің тағдыры – жаһандық экологиялық сын-қатерлермен күрестің тікелей көрінісі. Атмосфераға көтерілетін улы тұздар мен шаң-тозаңның зардабын жою мақсатында мемлекет тарапынан ауқымды стратегиялық жобалар қолға алынуда.
Салалық мекемелердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде Аралдың құрғаған табаны біртіндеп жасыл алқапқа айналып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, Аралдың құрғаған ұлтанындағы 1,1 миллион гектар жерге 2021–2025 жылдар аралығында орман мелиорациялық екпелерін егу міндеттелген болатын. Бұл тарихи шешім экологиялық апаттың зардаптарын бәсеңдетуге бағытталған ең пәрменді қадам болды. Теңіз түбінен ұшатын улы тұз бен құм көшкінін тоқтату мақсатында миллиондаған тұқымдар мен сексеуіл көшеттерін отырғызу шаралары қарқынды жүргізілді. Осы стратегиялық бағытта Қазақстан Республикасы Экология және Табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын Оңтүстік-батыс аймақ филиалы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Мекеме мамандары 2025 жылдың күз айларынан бастап 2026 жылдың көктем айларына дейінгі кезеңде ауқымды агротехникалық жұмыстарды атқарды. Жүргізілген орман мелиорациялық жұмыстарының көрсеткіштері Арал ұлтанын тұрақтандыру жұмыстары екі кезеңде – 2025 жылдың күзінде және 2026 жылдың көктемінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Егу және отырғызу процестері топырақтың құнары мен климаттық ерекшеліктеріне байланысты әрі қолмен, әрі арнайы заманауи техникалар мен механикалық әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылды.
Арал ұлтанын ормандандыру бағытындағы ауқымды жұмыстар екі негізгі кезеңде атқарылды.
2025 жылдың күз айларында топырақты дайындау және табиғи ортаны қалпына келтіру шараларына басымдық берілді. Осы орайда, алдымен 38 011 гектар жерге арнайы агротехникалық жүйек жүргізу жұмыстары орындалды. Сонымен қатар, экологиялық тепе-теңдікті қолдау мақсатында 59 994 гектар аумақта орманның табиғи өсуіне жәрдемдесу шаралары жүзеге асырылды. Сондай-ақ, шөлге төзімді 50 000 гектар алқапқа галофитті өсімдіктердің тұқымы себілді.
2026 жылы жұмыс жалғасын тапты.
Көктемгі егіс науқанында негізгі күш жасыл желек аумағын жаппай ұлғайтуға бағытталды. Нәтижесінде, рекордтық көрсеткіш – 115 427 гектар жерге галофитті өсімдіктер тұқымы жаппай егілді. Оған қоса, көшкін құмды тоқтатуда тиімділігі жоғары 10 000 гектар аумаққа сексеуіл көшеттері тікелей отырғызылды.
Жалпы алғанда, екі кезең ішінде жүздеген мың гектар алқап агротехникалық өңдеуден өтіп, Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсартуға үлкен үлес қосылды.
Галофитті өсімдіктер – шөлді аймақтың табиғи қорғаны. Теңіздің құрғаған табанында сексеуіл мен қарабарақ сияқты галофитті  яғни тұзға төзімді өсімдіктерді егудің ғылыми және практикалық маңызы өте жоғары. Жабайы табиғаттың бұл бірегей өкілдері экстремалды климаттық жағдайларға бейімделген және шөлді аймақтардың сенімді қорғаныс шебі болып табылады. Олардың терең әрі тарамдалған тамыр жүйесі жылжымалы құмды тоқтатып, тұзды топырақты берік бекітеді. Сондай-ақ қауіпті жел эрозиясының деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Маңыздысы, бір түп сексеуілдің өзі 4 тоннаға жуық көшкін құмды тоқтатуға қабілетті. Сондықтан Арал ұлтанында сексеуіл алқаптарын ұлғайту – аймақтағы экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етудің ең тиімді әрі сыналған жолы.
Экологиялық тұрақтылықты сақтау, Арал ұлтанын ормандандыру және жасыл желекке айналдыру жұмыстары алдағы жылдары да жалғасын табады деген сенімдеміз. Бұл ауқымды мемлекеттік бастама өңірдің бұзылған табиғи тепе-теңдігін қайта қалпына келтіруге, қоршаған ортаның сапалық көрсеткіштерін жақсартуға және ең бастысы – келешек ұрпақ үшін қолайлы, қауіпсіз экологиялық орта қалыптастыруға қосылған өлшеусіз үлес болып қалмақ.
Мырзағли СЕРІКҚАЛИЕВ,
Қазақстан Республикасы Экология және Табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК Оңтүстік-батыс аймақ филиалы директорының орынбасары
20 маусым 2026 ж. 28 0

Шипа мен үйлесім жолында

20 маусым 2026 ж. 27

Қауіпке қарсы қамданыс

20 маусым 2026 ж. 25

XXI ғасырдағы Арал теңізі

20 маусым 2026 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930