Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кескен Күйік қалашығы – сырға толы көне өркениет ізі

Кескен Күйік қалашығы – сырға толы көне өркениет ізі

Қазалы өңірінің қойнауында, Бозкөл ауылынан шамамен 35–40 шақырым, Жанкент қалашығынан 15–20 шақырым жерде орналасқан көне қала – талай ғасырдың құпиясын ішіне бүккен тарихи мекен.
Археологиялық зерттеулер нәтижесінде бұл қала ерте орта ғасырларда, шамамен V ғасырда қалыптасып, XII ғасырға дейін өмір сүрген ірі мәдени-экономикалық орталық болғаны анықталуда. Қаланың қуатты бекінісі мен дамыған шахристаны оның өз заманында маңызды сауда және қолөнер орталығы болғанын айғақтайды.
2006 жылы археолог Жолдасбек Құрманқұлов бастаған экспедиция алғаш рет жүйелі зерттеу жүргізіп, қала орнынан керамикалық ыдыстар, шыны моншақтар, қола бұйымдар, мыс сақиналар мен сүйек өңдеу өнімдерін тапты. Бұл деректер Кескен Күйік тұрғындарының қолөнер мен металл өңдеу ісін жетік меңгергенін көрсетеді.
2019 жылдан бастап археологиялық экспедиция халықаралық Орта Азия зерттеулер институтының бастамасымен қолға алынып, қазба жұмыстарын «Рутрум» ЖШС жүргізіп келеді.
Зерттеулерге қарағанда сол ке¬зең¬дегі жергілікті халық әртүрлі дін ұстанғанын болжауға болады. Төрт бағаналы залы, қошқар басы мүсіндерімен безендірілген арнайы орындары бар IX-X ғасырға жататын ежелгі ғибадатхананың орны табылған.
2025 жылы қазба жұмыстарына Ұлы¬бри¬таниядағы Линкольн универси¬те-ті¬нің төрт ғалымы қатысып, қала¬лықтардың суару, су тасқынынан қор¬¬ғану жүйелерін зерттеді. Ғалым¬дар қалашықтағы жұмыстарды жал¬ғастыруды жоспарлап отыр. Алда олар аймақтың ежелгі тұрғындары¬ның шаруашылық жүргізу әдістерін егжей-тегжей зерттеп, сол кездегі қо-ғамның саяси-әлеуметтік өмірінен дерек алғысы келеді. Осы арқылы қа-зірдің өзінде көшпенділермен тығыз қарым-қатынаста болғаны белгілі болып отырған қаланың экономикалық жағдайы айқындала түседі.
Кескен Күйік – тек көне қала ғана емес, ұмыт болған өркениеттің қайта жаңғырып жатқан шежіресі. Әрбір табылған жәдігер – өткеннің үні, әрбір қабат – тарихтың тірі парағы.
17 маусым 2026 ж. 43 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930