Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес 2026 жылғы 15-19 маусым аралығында республика көлемінде «Ішімдіксіз ауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейту, алкогольдік ішімдіктерді тұтыну салдарынан орын алатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесу, сондай-ақ «Ішімдіксіз ауылдардың» санын арттыру.
Қызылорда облысында ауыл ақсақалдары, прокуратура, жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері және белсенді жастардың бірлескен жұмысының нәтижесінде бұған дейін 39 ауыл «Ішімдіксіз ауыл» мәртебесіне ие болған еді.
Жүргізіліп жатқан іс-шара барысында тағы 8 ауылдың тұрғындары алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тартты. Атап айтқанда, Жаңақорған ауданындағы Аққұм және Манап ауылдары, Арал ауданындағы Үкілісай ауылы, Қармақшы ауданындағы Алдашбай ахун ауылы, Сырдария ауданындағы Ақжарма, А.Тоқмағамбетов және С.Сейфуллин ауылдары «Ішімдіксіз ауыл» бастамасын қолдады. Нәтижесінде облыстағы «Ішімдіксіз ауылдардың» саны 47-ге жетті.
Бұл елді мекендерде қоғамдық тәртіп нығайып, құқық бұзушылықтар мен қылмыс деңгейінің төмендеуі байқалуда. Әсіресе тұрмыстық жанжалдар, қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар және алкогольдік ішімдіктерге байланысты келеңсіз оқиғалар азайған.
Іс-шара басталғалы облыс көлемінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабы бойынша алкоголь өнімдерін өткізу талаптарын бұзудың 18 дерегі және 440-бабы бойынша қоғамдық орындарға масаң күйде келудің 73 дерегі анықталып, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.
Бүгін полиция қызметкерлері Баймұрат батыр ауылында тұрғындармен, белсенді жастармен және ауыл ақсақалдарымен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – «Ішімдіксіз ауыл» бастамасының маңыздылығын түсіндіру және ауыл тұрғындарын осы игі жобаға қолдау көрсетуге шақыру.
Халқы 2375 адамды құрайтын Баймұрат батыр ауылында 4 сауда орны бар. Кездесу барысында тұрғындарға алкоголь өнімдерінен бас тартудың қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындардың әл-ауқатына тигізетін оң әсері түсіндірілді.
«Ішімдіксіз ауыл» – тек алкогольден бас тарту ғана емес, ол қауіпсіздік пен тұрақтылықты, татулық пен қоғамдық тәртіпті нығайтатын маңызды қоғамдық бастама. Осындай игі істердің арқасында ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы жақсарып, жастарға үлгі болатын салауатты орта қалыптасады.
17 маусым 2026 ж. 52 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930