Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан армиясы әлі 1940 жылдардағы қару-жарақты қолданып жүр ме

Қазақстан армиясы әлі 1940 жылдардағы қару-жарақты қолданып жүр ме

Асқар Мұстабеков Қарулы күштерде қару-жарақты жаңғырту жүріп жатқанын айтты
Қазақстан армиясы әлі 1940 жылдардағы қару-жарақты қолданып жүр ме
Фото: istockphoto.com
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков Қазақстан армиясында 1940 жылдардағы қару-жарақ қолданылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    
Мәжіліс кулуарында журналистер оқу-жаттығулар кезінде ескі қару-жарақ қолданылатыны туралы ақпараттың рас-өтірігін сұрады.
«Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Біздің Қарулы күштерде қазіргі таңда қару-жарақтарды жаңғырту жұмысы жүргізіліп жатыр. Жаңадан ұшқышсыз ұшу аппараттары, оларға қарсы қолданылатын қару-жарақтар енгізіліп жатыр. Сонымен қатар осы техниканы меңгеретін операторлар даярланып жатыр», – деді Асқар Мұстабеков.
Журналистер Отардағы оқу-жаттығу полигонында ескі қару-жарақтарды өз көздерімен көргендерін айтқан кезде, министрдің орынбасары мұндай мәліметпен келіспейтінін жеткізді.
«Ондай жоқ. Мысалы, ірі мемлекеттерді алып қарасаңыздар, олар 1978-1980 жылдары шығарылған қаруларды қолданып жатыр. Тіпті кейбір елдерде 40-жылдардағы қару-жарақтар да бар. Бірақ олар өзінің тиімділігін дәлелдегендіктен пайдаланылып отыр. Ал бізде қырқыншы жылдардағы қару-жарақтар жоқ», – деді Мұстабеков.


17 маусым 2026 ж. 80 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930