Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Филиппиндегі жойқын жер сілкінісі теңіз түбін екі метрге көтерді

Филиппиндегі жойқын жер сілкінісі теңіз түбін екі метрге көтерді

Мамандар жер сілкінісінен кейін теңіз түбінің кей бөліктері шамамен екі метрге көтерілгенін анықтады.
istockphoto.com
Фото:istockphoto.com
Филиппиннің оңтүстігінде магнитудасы 7,8 болған күшті жер сілкінісінен кейін бірқатар ауданда теңіз түбі шамамен екі метрге көтерілді.
Осының салдарынан кей жерлерде жағалау сызығы 200 метрге дейін ұзарған. Сондай-ақ маржан рифтері мен теңіз шөбінің қалың өскен аумақтары су бетіне шығып қалған, деп жазады The Guardian.
Мамандар Сарангани және Давао-Оксиденталь провинцияларында теңіз түбінің үлкен бөліктері ашылып қалғанын тіркеді. Жарияланған суреттерден қырылған балықтар мен басқа да теңіз организмдерін көруге болады.
Қоршаған орта министрлігінің мәліметінше, маржан рифтері, теңіз шөбі және сол ортада тіршілік ететін балықтар, жыланбалықтар, ұлулар мен басқа да теңіз жануарлары жаппай қырыла бастаған.
Табиғаттағы өзгерістерді алғаш болып жергілікті тұрғындар байқап, билікке хабар берген. Олар шіріп жатқан теңіз жануарларынан жағымсыз иіс тарауы мүмкін екеніне алаңдаушылық білдірген.
14 маусым 2026 ж. 144 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930