Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбекке құрмет және жеңіл өнеркәсіптегі ұрпақтар сабақтастығы

Еңбекке құрмет және жеңіл өнеркәсіптегі ұрпақтар сабақтастығы

Мемлекет басшысы ел дамуының басты қозғаушы күші – еңбек адамы екенін бірнеше рет атап өтіп, еңбекқорлық, кәсібилік және жауапкершілік қоғамның негізгі құндылықтарына айналуы тиіс екенін айтқан. Атап айтқанда, Президент бұл ойды Түркістан облысының жұртшылығымен кездесу барысында: «Кез келген еңбек құрметке лайық. Осы даналықты барлық жастар жақсы меңгеруі керек», – деп жеткізген болатын.
Осы тұрғыда өнім сапасы мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі сала мамандарының шеберлігіне тікелей байланысты болатын жеңіл өнеркәсіптің маңызы ерекше. Осы саланың экономика дамуы мен азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға қосқан үлесін мойындау мақсатында елімізде 2011 жылғы 20 қазаннан бастап Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні атап өтіледі.

Мамандыққа адалдықтың жарқын үлгісі ретінде Алматы қаласындағы Ткаченко әулетін атауға болады. Бұл әулеттің жеңіл өнеркәсіп саласындағы жалпы еңбек өтілі 200 жылдан асады. Әулет тарихы соғысқа дейінгі жылдардан бастау алады. Сол кезеңде Евдокия мен Вера Болдырева есімді апалы-сіңлілер тігін ісіне өмірлерін арнаған. Олардың кәсіби жолын кейінгі ұрпақтары жалғастырды.

Әулет тарихында үшінші буын тігіншісі, Алматы жеңіл өнеркәсіп техникумын «театр костюмі бойынша суретші-костюмер» мамандығы бойынша тәмамдаған Андрей Иванович Ткаченконың орны ерекше. Ол Республикалық сән үлгілері үйінде еңбек етіп, 1990-жылдары тігін өндірісі мен модельдік агенттікті біріктірген «Andres» компаниясының негізін қалады.

Кәсіпорын ұжымы Франция, Италия, Қытай және Литвадағы халықаралық көрмелерде Қазақстанның атынан қатысты. А.И. Ткаченконың жетекшілігімен мемлекеттік рәміздер, жауынгерлік тулар, судьялардың мантиялары және ресми құрылымдарға арналған арнайы киімдер дайындалды. Оның туындылары Қазақстан музейлерінің қорында сақтаулы.

Бүгінде әулеттің кәсіби дәстүрін төртінші буын өкілдері жалғастырып келеді.
14 маусым 2026 ж. 54 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930