Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Декреттік төлемдерге қатысты тергеу: Кімдер жауапқа тартылады?

Декреттік төлемдерге қатысты тергеу: Кімдер жауапқа тартылады?

Министрлік 3 млрд теңге өндіріп алу мәселесіне жауап берді.
©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
фото:BAQ.KZ архиві Арман Мухатов
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Үкіметте өткен брифингте декреттік төлемдерге қатысты қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселеге түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналистер вице-министрден декреттегі аналардың қосымша табыс табу үшін курьер болып жұмыс істеуге мәжбүр болуы және заңсыз төлемдерге қатысты қозғалған істер аясында аналардан 3 миллиард теңге өндіріп алу мәселесі жөнінде сұрады.
Виктория Шегай бұл мәселеге байланысты бұған дейін айтқан кейбір сөздері дұрыс түсіндірілмеген болуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, қазіргі таңда тергеу декреттік төлемдерді заңсыз алу схемаларын ұйымдастырды деген күдікке ілінген тұлғаларға қатысты жүргізіліп жатыр.
Бұл мәселеге қатысты айтқым келетіні, менің бұрынғы сөздерім дұрыс жеткізілмеген болуы мүмкін. Қазіргі уақытта тергеу заңсыз схемаларды ұйымдастырған тұлғаларға қатысты жүргізіліп жатыр, – деді вице-министр.
Сонымен қатар ол декреттегі аналардың еңбек етуі немесе табыс табу жолдарын таңдауы әр отбасының жеке шешімі екенін атап өтті. Вице-министр бұл мәселеге баға беруді жөн санамайтынын жеткізді.
Егер декреттегі ананың немен айналысуы керектігі туралы сұрақ болса, бұл әр отбасының жеке бюджеттік және тұрмыстық мәселесі. Сондықтан бұл жөнінде пікір білдіруді жөн көрмеймін, – деп жауап берді Виктория Шегай.
Брифинг барысында әлеуметтік қолдау шаралары туралы да сөз болды. Вице-министрдің айтуынша, мемлекет балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға түрлі төлемдер мен көмек түрлерін ұсынып келеді. Бұдан бөлек, табысы төмен отбасыларға арналған қолдау тетіктері де қарастырылған.
Қазақстанда балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдауға арналған түрлі төлемдер мен әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Бұған қоса табысы төмен отбасыларға арналған көмек пен басқа да қолдау тетіктері бар, – деді ол.


11 маусым 2026 ж. 168 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930