Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оңтүстік Қазақстанда +40°С-қа дейін аптап ыстық күтіледі

Оңтүстік Қазақстанда +40°С-қа дейін аптап ыстық күтіледі

Метеорологтардың мәліметінше, батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына әлі де әсерін сақтап, тұрақсыз ауа райын қалыптастырады. 
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күнге – 11, 12, 13 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 
Метеорологтардың мәліметінше, батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына әлі де әсерін сақтап, тұрақсыз ауа райын қалыптастырады. 
Мамандар атап өткендей, циклонның орталығы еліміздің солтүстік-батысында орналасады, осыған байланысты мұнда найзағайлы жаңбырлар, желдің күшеюі, дауыл және бұршақ жаууы мүмкін.
Қатты жаңбыр күтіледі:
  • 11-13 маусым күндері Қостанай және Ақтөбе облыстарында,
  • 11 маусымда Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында.
Сондай-ақ, ауа температурасы жайлы ақпарат та берілді: 
  • Күндіз еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +35…+40°С-қа дейін,
  • оңтүстік-шығысында +30…+37°С-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады.
"Еліміздің қалған аумағында ауа температурасы фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді"."Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі



11 маусым 2026 ж. 363 0

Қазақтың келіндері

25 тамыз 2026 ж. 69

Алданазар бидің шешімі

25 тамыз 2026 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31