Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан 100-ден аса елдің саяхатшысына есігін "айқара" ашты

Қазақстан 100-ден аса елдің саяхатшысына есігін "айқара" ашты

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты.  
Қазақстан 100-ден аса елдің саяхатшысына есігін "айқара" ашты
фото: Үкімет
Осылайша, Қазақстанда туризмді дамыту үшін шетелдік қонақтардың елге келуі мен болуының жеңілдетілген тәртіптері қолданылмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ішкі істер министрінің сөзінше, республикада процестерді цифрландырумен қатар көлік қолжетімділігі де белсенді түрде дамып келеді. Сонымен бірге негізгі туристік аймақтарда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
– Қазіргі уақытта 105 елдің азаматтары елшіліктерге жүгінбей-ақ электрондық виза арқылы Қазақстанға кіре алады. Сонымен қатар, виза беру де ұйымдастырылған: IT-мамандарға арналған Digital Nomad Visa және туристерге арналған Neo Nomad Visa. Қабылдаушы тарап шетелдік азаматтың келуі туралы хабарламаны онлайн форматта жолдайды, – деді Ержан Сәденов. 
Сонымен қатар, әуежайларда және ірі шекара өткелдерінде QR-коды бар "туристік карталар" беріледі. Онда елімізде болу ережелері, шұғыл қызметтер мен байланыс операторлары туралы қажетті ақпарат орналастырылған. Көші-қон қызметтерінің ауқымын кеңейту мақсатында QazETA мобильді қосымшасы әзірленуде. Туристік полиция бөлімшелері 18 аймақтың көрікті жерлері мен ұлттық саябақтарында қызмет атқарады. Қызметкерлер шет тілдерін меңгерген.


09 маусым 2026 ж. 299 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031